"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС - "ЖТ Семей бөлімшесі"филиалының Аягөз пайдалану локомотив депосының 1 санатты еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженер-технолог

328286 - 347796
ТЧЭ-25 АЯГОЗКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ЛОКОМОТИВНОЕ ДЕПО Шығыс Қазақстан облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
495

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерге сәйкес кәсіптік аурулар мен өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу, еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шаралар мен кешенді жоспар әзірлеуге қатысады.
  • Өндірістік жарақаттануға, кәсіптік ауруларға талдау жүргізеді және өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және олардың орындалуын бақылайды.
  • Еңбекті қорғау жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік актілердің сақталуын, қызметкерлерге еңбек жағдайлары бойынша белгіленген жеңілдіктер мен өтемақылар беруді бақылауды жүзеге асырады.
  • Белгіленген талаптарға сәйкес еңбекті қорғау жөніндегі құжаттама мен есептілікті жүргізеді.
  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, Электр қауіпсіздігі бойынша бұйрықтар мен өкімдердің, хаттамалардың жобаларын әзірлеу.
  • Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеру мен есепке алудың және еңбек мертігуіне байланысты залалды өтеудің белгіленген тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
  • Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының жай-күйін сақтау, ғимараттардың, құрылыстардың, жабдықтардың, машиналар мен механизмдердің техникалық жай-күйін, тиімділігін тексеру бойынша тексерулер жүргізеді Жұмыс топтарына ҒТҚ жобаларын әзірлеуге, филиал, мемлекеттік органдар және халықаралық ұйымдар өткізетін кеңестерге, семинарлар мен конференцияларға қатысады;
  • Өндірістік-шаруашылық қызметтің ағымдағы жай-күйінің, өндірістік қауіпсіздіктің, филиалдың табиғи ресурстарын ұтымды пайдаланудың сәйкестігін бағалауға қатысады.
  • Тексерулерді жүзеге асыру кезінде уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасайды және нұсқамалардың орындалуын және тексеру кезінде анықталған бұзушылықтарды жоюды бақылауды жүзеге асырады.
  • Іске асырылған тәуекел оқиғасын міндетті тіркеуді жүзеге асырады, Бөлімнің өкілеттіктері мен жауапкершілігі шеңберінде тәуекелді оқиға бойынша ақпаратты кейіннен өзектендіре отырып, жедел ден қоюды және мүдделі тараптарды дереу хабардар етуді ұйымдастырады.
  • Санитарлық нормалар мен өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, Электр қауіпсіздігі жөніндегі кешенді іс-шаралардың орындалуын ұйымдастырады.
  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, Электр қауіпсіздігі саласындағы заңнамалық талаптарды сақтау жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеуді (қайта қарауды) ұйымдастырады.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
  • Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар (вагондар, локомотивтер және электр Жылжымалы құрам); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); Электротехника (Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар); Автоматтандыру және басқару; Электр энергетикасы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау.
  • Жұмыс тәжірибесі; қызмет бейіні бойынша II санаттағы ұқсас лауазымда кемінде 2 жыл.



Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр