Кадрлық әкімшілендіру және жалақы есептеу департаментінің Директоры
«Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 6 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Талаптар:
- Құқық/ бизнес және басқару/ әлеуметтік ғылымдар/ педагогикалық ғылымдар/ гуманитарлық ғылымдар/ техникалық ғылымдар және технологиялар/ аралас мамандықтар саласындағы жоғары білім.
- Жоғары оқу орнынан кейінгі білім: магистр дәрежесі және/немесе іскери әкімшілік магистрі (MBA) және/немесе ғылыми дәрежесі (PhD).
- Персоналды басқару саласында даярлау/ біліктілікті арттыру бойынша сертификаттардың болғаны жөн.
- Жалпы жұмыс өтілі 6 (алты) жылдан кем емес. Лауазымның бағыттарына сәйкес келетін функционалдық міндеттері бар (тұтастай не жеке-жеке) басшы лауазымдарда кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.
Заңнама және нормативтік құқықтық актілер, арнайы және мамандандырылған білім:
- Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі;
- «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- еңбек қатынастары, жалақыны есептеу және рекрутинг мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері.
Дағдылар мен құзыреттер (функционалдық):
- болжамдар жасау, кадрларға перспективалық және ағымдағы қажеттілікті айқындау тәртібі, кадрлармен ұйымдастыруды қамтамасыз ету көздері, еңбек нарығының жай-күйі;
- персоналды бағалау жүйелері мен әдістері, кадрлардың кәсіби-біліктілік құрылымын талдау әдістері;
- кадрлармен және олардың қозғалысымен байланысты құжаттаманы ресімдеу, жүргізу және сақтау тәртібі, ұйымның персоналы туралы деректер банкін қалыптастыру және жүргізу тәртібі, табельдік есепке алуды ұйымдастыру;
- экономика негіздері, өндірісті ұйымдастыру, Еңбек және басқару;
- еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібінің тәртібі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптары;
- шарттардың, келісімдердің, бұйрықтардың, меморандумдардың, ішкі құжаттардың, құқықтық сипаттағы өзге де құжаттардың жобаларын әзірлеу дағдылары;
- компанияның мүдделерін білдіру және қорғау мақсатында келіссөздер процестеріне қатысу дағдылары;
- аналитикалық ақпаратты дайындау, іскерлік хат алмасу, іс-шараларды ұйымдастыру және жоспарлау дағдылары;
- презентациялар мен көпшілік алдында сөйлеу дағдылары;
- стратегияны түсіну және мақсаттар мен міндеттерге ыдырай білу;
- MS Office тәжірибелі пайдаланушысы (негізінен MS Excel, MS PowerPoint, MS Project);
- көрсетілген қызметтерді (орындалған жұмыстарды), жеткізілген тауарларды есептеу тәртібін білу;
- есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдарын пайдалану тәртібін, шаруашылық жүргізу әдістерін білу;
- «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алу тәртібіне сәйкес тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу бойынша білім;
- бастапқы есепке алу құжаттамасымен (бұйрықтар, жұмыс уақытын есепке алу табельдері және т.б.) жұмыс істеу дағдылары, персоналмен өзара есеп айырысу бойынша бақылау, төлемдер мен ұстап қалуларды есептеу, жалақыны есептеуге байланысты учаскеде туындайтын салықтар мен жарналарды есептеу.
Құзыреттер (жеке):
- стратегиялық пайымдау;
- адамдарды басқару;
- көшбасшылық;
- нәтижеге бағдарлау;
- жауапкершілік;
- командада жұмыс істеу;
- коммуникация дағдылары;
- өзгерістерді басқару.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр