Шығыс Қазақстан өндірістік филиалы заң бөлімінің жетекші маманы (Зайсан қ.)

«QazaqGaz Aimaq» АҚ Зайсан қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
1367

   Конкурс туралы

Құрметті үміткер!

Біздің компанияға қызығушылық білдіргеніңіз үшін алғыс білдіреміз.

Вакансияға жауап бермес бұрын, конкурс іріктеуінің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  • Білім, жұмыс тәжірибесі, дағдылар және басқа да мәліметтердің дұрыстығына үміткердің өзі жауапты.

  • Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізден сәйкес хабарлама алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы жөнінде анықтама ұсынуыңыз қажет.

  • Жеке кабинетіңіздегі тиісті хабарламаларды бақылап отыруыңызды сұраймыз.

Төменде жарияланған вакансиямен таныса аласыз.

Міндеттері:

  • Газ тұтынушылары мен Филиал арасындағы шаруашылық дауларды сотқа дейін реттеу бойынша жұмысты заңды түрде сүйемелдеу;

  • Басшылықтың тапсырмасы бойынша, Филиалдың құрылымдық бөлімшелері ұсынған құжаттар негізінде серіктестермен және тұтынушылармен дау-дамайларды сотқа дейін шешу, талап қоюлар мен оларды негіздейтін материалдарды дайындау, контрагенттерге талап қою, олардың талаптарын қарау, және тексеру жұмыстарын жүргізу;

  • Газ тұтыну бойынша берешектерді (шарттық міндеттемелердің бұзылуы) және басқа да мәселелер бойынша, оның ішінде газ құбырларындағы апаттарға қатысты Қоғам мүддесіне келтірілген материалдық залалды өндіріп алу үшін сотқа талаптар, өтініштер дайындау;

  • Келісімшарт талаптарын бұзған дебиторларға (тұрғындарға, коммуналдық және өнеркәсіптік кәсіпорындарға) және газ құбырларының қорғалу аймағын бұзған нысан иелеріне хабарламалар (талаптар) дайындау;

  • Құрылымдық бөлімшелер ұсынған ақпараттар негізінде иесіз газ құбырларына қатысты сотқа өтініш беру үшін құжаттар дайындау;

  • «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) және Қоғамның тиісті департаменттері басшылығының бұйрықтары мен тапсырмаларын орындауға қатысты бұйрықтар, өкімдер мен хаттарды дайындау;

  • Компания мүдделерін ҚР заңнамасына сәйкес соттарда, апелляциялық және кассациялық инстанцияларда қорғау (сотқа қатысу, сот шешімдеріне шағым жасау және т.б.), қажет болған жағдайда бірінші инстанция шешімдеріне апелляциялық және кассациялық шағымдар дайындау;

  • Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңы мен Қоғамның тиісті ережелеріне сәйкес белгіленген мерзімде жазбаша жауаптар дайындау;

  • Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың сұраныстарына белгіленген мерзімде жазбаша жауаптар дайындау;

  • Филиалдың заң бөлімі атқарған іс-шаралар мен жұмыстар бойынша, соның ішінде талап қою жұмыстары бойынша, Қоғамның Заң департаментіне тоқсан сайын есептер дайындау;

Талаптар:

  • Білімі – жоғары кәсіби (заңгерлік);

  • Лауазым бейініне сәйкес кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі;

  • ҚР қолданыстағы заңнамасының, сондай-ақ Қоғамның өндірістік-шаруашылық қызметін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілердің, соның ішінде табиғи монополиялар саласындағы заңнаманың негіздерін білуі;

Жұмыс шарттары:

  • ҚР Еңбек кодексіне сәйкес ресми тіркеу;

  • Бес күндік жұмыс аптасы, демалыс күндері – сенбі және жексенбі;

  • Сынақ мерзімі: 3 ай.