Экономикалық талдау және жоспарлау басқармасының бастығы

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ филиалы - «Энергосбыт» Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
625

   Конкурс туралы

Міндеттері

 

Бастықтың міндеттеріне:

  1. Филиалдың экономикалық даму болжамдарын әзірлеу.
  2. Тарифтік сметаның, инвестициялық бағдарламаның электр энергиясын бөлшек саудада сату жөніндегі қызметтерге тарифті есептеу бойынша жобаларды әзірлеу жұмысын ұйымдастыру, қамтамасыз ету және бақылау.
  3. Филиалдың бюджетін, сондай-ақ инвестициялық бюджетті жоспарлау.
  4. Филиалдың Даму жоспары мен Бюджетін келісу және бекіту процесін бақылау және қамтамасыз ету.
  5. Филиалдың бюджет қаржатының, инвестициялық бағдарламасы мен тарифтік сметасының пайдаланылуын бақылауды және талдауды жүзеге асыру.
  6. Бюджетті, инвестициялық бюджетті қоса алғанда, Даму жоспарын, тарифтік сметаны, «АЖК» АҚ-да және «Самұрық-Энерго» АҚ-да инвестициялық бағдарламаны орындау бойынша белгіленген есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз ету.
  7. Филиалдың штаттық кестесін әзірлеу бойынша, сондай-ақ штаттық кестесіне өзгерістер енгізу бойынша жұмысты басқару және бақылау.
  8. Филиалдың ұйымдық құрылымын оңтайландыруға қатысу.
  9. Еңбекақы төлеу, материалдық ынталандыру, қолданылатын әлеуметтік кепілдіктер, жеңілдіктер мен өтемақылар жүйесін қолдану тиімділігін талдауды қамтамасыз ету және бақылау.
  10. Филиал персоналының нормативтік санын есептеуді, нақты және нормативтік санының ай сайынғы талдауын қамтамасыз ету.
  11. Басқарушылық есепке алу және бақылау жүйесін әзірлеу мен енгізуді ұйымдастыру және бақылау.
  12. Филиалдың басшы және басқарушы қызметкерлерінің ынталандырушы ҚНК әзірлеуді, бекітуді, орындау мониторингісін, белгіленген есептілігін ұсынуды қамтамасыз ету.
  13. Реттеуші және бақылаушы органдарға есептілікті ұсынуды қамтамасыз ету және бақылау.
  14. Басқарма қызметіндегі әлеуетті және елеулі тәуекелдерді анықтау және алдын алу мақсатында тұрақты негізде тәуекелдерді сәйкестендіруді және бағалауды жүргізу кіреді.

 

Талаптар:

 

Басқарма бастығының жоғары (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, қаржы және/немесе есеп және аудит және/немесе экономикалық, мамандығы бойынша кемінде 5 жыл, басшы лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.

 

Шарттары:

Қалыпты