«KTZ Express» АҚ - «KTZE Commerce» филиалы (Жетісу облысы, Атамекен ауылы) Алтынкөл агенттік пунктінің жетекші инженері
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Кеден органдарының жүкке кедендік рәсімдеуді жүзеге асыратын бөлімшелерімен тиімді өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді;
- Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өту пункттерінде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы шеңберінде кедендік операцияларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді:
- қажеттілік туындаған жағдайда Қоғам атына кез келген көлік түрімен келген тауарларды (жүктерді) қарсы алады;
- сенімхат негізінде тауарға ілеспе құжаттардың түпнұсқаларын алады;
- уақытша сақтау қоймасына (УСК) жеткізуді және тіркеуді ұйымдастырады;
- есептілік құжаттарын ресімдейді;
- Қоғам атынан кеден органдарына құжаттар тапсырады;
- кедендік ресімдеу кезеңдерін қадағалайды;
- Кедендік операцияларды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар мен мәліметтердің кеден шекарасындағы өткізу пункттерінде кеден органдарына толық ұсынылуын қамтамасыз етеді;
- Кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға арналған тауар декларациясын (ТД), транзиттік декларацияны (ТРД), кедендік құн декларациясын (КҚД), сондай-ақ қажет болған жағдайда декларацияны түзету (КТД) жұмыстарын жүргізеді және оларды кеден органдарына кедендік ресімдеу үшін ұсынуға дайындайды;
- Мемлекеттік кірістер органдарының бөлімшелерімен құжат айналымын жүзеге асырады (коммерциялық құжаттардың көшірмелерін дайындау, атап айтқанда, шот-фактуралар (инвойс), спецификациялар, жөнелту және орау парақтары, Кеден одағының кеден шекарасы арқылы тауарларды өткізу кезінде пайдаланылатын басқа да құжаттар, сынамалар алу актілері, есептілік құжаттары және т.б.).
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
- Мамандығы: Теміржол көлігінде тасымалды ұйымдастыру, қозғалысты басқару және көлікті пайдалану; Жүк және коммерциялық жұмыстар (теміржол көлігі); Теміржол көлігіндегі көліктік логистика;
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 3 жыл, соның ішінде кемінде 1 жыл келесі лауазымдарда жұмыс өтілі болуы қажет: тиісті бөлімнің инженері және тауар кассирі / жүк пен багажды қабылдап-тапсырушы.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы