ЖОБАЛАУ-КОНСТРУКТОРЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ (МЕХАНИКАЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ СЕКТОР) ИНЖЕНЕР – КОНСТРУКТОРЫ

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
13

Қаралған саны:
447

   Конкурс туралы

Болуы тиіс:

  • І санаттағы инженер-конструктор: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және ІІ санаттағы инженер-конструктор лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.
  • ІІ санаттағы инженер-конструктор: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және санаты жоқ инженер-конструктор лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
  • санаты жоқ инженер-конструктор: жұмыс өтіліне талап қойылмайтын кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі немесе тиісті мамандығы (біліктілігі) бойынша техникалық және кәсіби, ортадан кейінгі (орта арнайы, орта кәсіби) білімі және І санаттағы техник-конструктор лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.

Білуі тиіс:          

  • Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа да нормативтік- құқықтық актілерін; өндірістің конструкторлық дайындығына қатысты әдістемелік материалдарды;
  • жобалау жүйелерін және әдістерін;
  • жұмыс принциптерін, жобаланатын конструкцияларды құрастыру және техникалық пайдалану талаптарын, олардың өндіріс технологиясын;
  • сызбаларды және басқа конструкторлық құжаттарды әзірлеу және ресімдеу бойынша стандарттарды, әдістерді және нұсқаулықтарды;
  • МЕМСТ, ТШ, ЕСКД нормаларын, әзірленетін конструкцияларға қойылатын техникалық талаптарды, оларды сертификаттау тәртібін;
  • әзірленетін конструкцияларға қойылатын техникалық талаптарды, оларды сертификаттау тәртібін;
  • құрастыру кезіндегі техникалық есептерді жүргізу әдістерін;
  • автоматты жобалау жүйелерінің негіздерін;
  • техникалық эстетиканың және көркемдік құрастырудың негіздерін;
  • еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өнеркәсіптік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік қағидаларын және нормаларын, ҚР экологиялық кодексін. 

Қажетті дағдылар:

  • MS Office, SAP R3, AutoCAD, Visio.