"ҚТЖ "ҰК" АҚ "Көпсалалы қызмет көрсету орталығы" филиалының техникалық аудит функционалдық бағытының бас менеджері (16 Грейд)

от 436348
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Многофункциональный центр обслуживания» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
20

Қаралған саны:
498

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Темір жол өнімдерін өндірушілерге, темір жол жылжымалы құрамы мен оның құрамдас бөліктеріне (локомотивтер, жүк вагондары, жолаушылар вагондары, арнайы жылжымалы құрам),
    сондай-ақ инфрақұрылым элементтеріне қызмет көрсету және жөндеу ұйымдарына техникалық аудит жүргізу жоспарын ұйымдастырады және қалыптастырады;
  • Өнімдерін өндіріске енгізу кезеңінен өткен темір жол өнімдерін өндірушілердің тізілімін жүргізеді;
  • Жылжымалы құрамды (локомотивтер, жүк вагондары, жолаушылар вагондары, арнайы жылжымалы құрам), сондай-ақ инфрақұрылым элементтерін жасағаннан немесе жөндеуден кейінгі кепілдік мерзімі ішінде темір жол өнімдерінің істен шығуына талдау жүргізеді.
  • Есепті кезеңдегі функционалдық саланың жұмысы бойынша жиынтық талдау есебін жасайды;
  • Темір жол өнімдерін (соның ішінде локомотив паркін, жүк вагондарын, жолаушылар вагондарын, арнайы жылжымалы құрамды), сондай-ақ инфрақұрылым элементтерін өндіруге енгізу, оларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу тәртібін реттейтін нормативтік-техникалық құжаттаманы, нормативтік және жергілікті актілерді жаңартады.
  • Темір жол өнімдерін өндіру жөніндегі комиссиялардың жұмысын ұйымдастырады
  • Темір жол өнімдерін өндірушілерге, темір жол жылжымалы құрамы мен оның құрамдас бөліктеріне (локомотивтер, жүк вагондары, жолаушылар вагондары, арнайы жылжымалы құрам), сондай-ақ инфрақұрылым элементтеріне қызмет көрсету және жөндеу ұйымдарының техникалық тексеру комиссияларының жұмысын ұйымдастырады.
  • Халықаралық, үкіметаралық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың, одақтар мен бірлестіктердің жұмыс органдарының құрамында сынақтар мен сәйкестікті бағалау мәселелері бойынша жұмыс жүргізеді
  • Функционалдық сала шеңберінде компаниялар тобының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге әсер ететін тәуекелдерді анықтауға, бағалауға және басқаруға қатысады
  • Тәуекелдерді басқаруды бақылау рәсімдерін әзірлеуді және енгізуді, бақылау рәсімдерінің тиімділігін талдауды және оларды жетілдіруді қамтамасыз ету бойынша жұмысты жүйелейді.
  • Салалық кәсіподақтардың және уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен теміржол құрылысының учаскелері бойынша ұйымдастыру шараларын қалыптастырады және әзірлейді.
  • Кәсіпорындарда анықталған сәйкессіздіктерді жою бойынша қабылданған түзету шараларының тиімділігін анықтайды.
  • Қозғалыс қауіпсіздігін бұзу және шағымдар бойынша кәсіпорындарға жоспардан тыс техникалық тексеруді ұйымдастырады.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары;
  • мамандығы: көлік, көлік техникасы мен технологиялар; логистика; тасымалдауды, көлік қозғалысы мен пайдалануды ұйымдастыру; автоматтандыру және басқару; электр энергетикасы; стандарттау, сертификаттау және метрология; экономика; менеджмент; қаржы; мемлекеттік және жергілікті басқару; маркетинг; есеп және аудит; юриспруденция; халықаралық қатынастар; халықаралық құқық ақпараттық жүйелер және/немесе техникалық/теміржол мамандықтары
  • еңбек өтілі: қызмет бейіні бойынша кем дегенде 4 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр