1 санатты техник
- Құрылған күні:
-
08.10.2025
- Берілген өтінім:
- 4
- Қаралған саны:
- 159
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
Рельс буындарын километр бойынша белгілейді және түйіспелі саңылауларды тексереді,саңылауларды жинақтау және тарату актісі мен графиктерін құрастырады,рельстің тозуын өлшейді. Бұрмалардың бұрылу және қисықтарының ординаталарын өлшейді. Ауытқу көрсеткіштерін өлшейді және қисықтарды есептейді,қисық паспорттарын құрастырады. Жолдың үстіңгі құрылысы материалдарын, қатаң есепке алу құралдарын және бұрмалау бұрмаларын жазуға арналған кітаптарды жүргізеді.Жолдағы шпалдардың есебін жүргізеді және олар бойынша есептер жасайды.Жол бойында жатқан,ақаулы және қатты ақаулы рельстерді ескереді. Участкедегі тауарлық-материальдық құндылықтарды есепке алу бойынша жұмыстарды орындайды,участкедегі тауарлық-материальдық құндылықтарды түгендеуге қатысады, есепке алу және есеп беру құжаттамасын жүргізеді.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: орта (техникалық және кәсіби)
- саласындағы мамандығы: Строительство (Строительство железных дорог, путь и путевое хозяйство, Мосты и транспортные тоннели); Транспортное строительство; Транспорт, транспортная техника и технологии (Подъемно-транспортные, строительные, дорожные машины и оборудования)
- Жұмыс тәжірибесі: жұмыс тәжірибесіне талапсыз
Қосымша талаптар:
ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің темір жолдағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білу. Іскерлік этика кодексінде көзделген міндеттемелерді сақтау..Еңбек жіне орындау тәртібін,ішкі еібек тәртібін және жұмыс тәртібін сақтау.Осы лауазымдық нұсқаулықта көзделген еңбек міндеттерін сапалы және уақытылы орындау.Жеке типтік жоспарларды орындау.Жол басшылығының нұсқауларын орындау.Рести құжаттарды қарау және шешімдер қабылдау кезінде бюрократия көріністеріне жол бермеу, сондай-ақ Қоғамның,Дирекцияның жергілікті актілерінде белгіленген мерзімдерде олар бойынша қажетті шараларды қабылдау.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Орташа білім
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж