Вокзал бастығының кезекші көмекшісі , Аягөз вокзалы, "ҚТЖ"ҰК"АҚ Семей магистральдық желі бөлімшесі

от 177025
Семейское отделение магистральной сети Шығыс Қазақстан облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
306

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

Станцияның белгіленген жұмыс режиміне және технологиялық процесіне сәйкес жұмыс ауысымы кезінде станциядағы барлық қызметтер мен құрылғылардың бірқалыпты және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;
Вокзалдағы жедел жағдаймен, кезекшілікті қабылдау кезінде басқару құжаттарымен (жеделхаттармен, бұйрықтармен, нұсқаулармен және т.б.) танысу;
Вокзалда (кассалардың алдында, күту залдарында), вокзал өткелдерінде және платформаларында, оның ішінде жолаушыларды пойызға отырғызу және түсіру кезінде біркелкі бөлуді қамтамасыз ету;
Пойыздардың келуі кезінде және олар толық жөнелтілгенге дейін перронда міндетті түрде болу керек, сонымен бірге артқы вагондардағы сигналдардың қосулы болуын қадағалау керек.

Біліктілік талаптары:

Білімі
Жоғары (жоғарғыдан кейінгі) ағылшын Elementary денгейін кем болмайтындай менгерген

 Мамандығы
Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару; Теміржол көлігінде жүк және коммерциялық жұмыс; Көлік, көлік техникасы мен технологгиялары; Құрылыс (теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы); Көлік құрылысы;  Стандарттау, метрология және сертификация; Қоршаған ортаны қорғау және өмір қауіпсіздігі; Ғимараттар мен құрылымдар құрылысы;  Электроэнергетика, Экономика, Инженерлік жүйелер, Маркетинг, Көлік, көлік техникасы мен технологгиялары, механизация және автоматизация.
Еңбек өтілі
вокзал кезекшісі/ анықтама беру бойынша кезекшісі лауазымында 3 жылдан кем болмайтын өтілі болуы қажет

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр