"ҚТЖ" ҰК" АҚ - "Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі" филиалының Жоса стансасының станция бойынша кезекшісі
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
1) ДУ-46 нысандағы журналда қол қойып танысып, комиссиялық айлық тексеру жүргізу кезінде айқындалған ескертулерді жоюға бақылауды жүзеге асырады;
2) пойыз диспетчерімен бірлесіп 4-6 сағат кезеңдермен пойыздарды жөнелту жоспарын құруды келісімдейді;
3) орталықтандырудан ұзақ мерзім сөндірілгенбағыттамалардың оқшауланған телімдері (қозғалыс үшін жабық) үшін ДУ-46 нысандағы журнал, КМО үшін ДУ-46 нысандағы журналды, ДУ-46 нысандағы журналды жүргізеді;
4) жалғыз локомотивтерге, тақ және жұп пойыздарға және барлық жоғарыда көрсетілген бағыттарға станса қабылдау жөнелту жолдарынан жөнелтілетін арнайы өздігінен жүретін жлжымалы құрам жүргізушілеріне ескертулер жібереді және т.б.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары, орта (техникалық және кәсіптік), орта және арнайы бағдарлама боынша арнайы дайындық
- Мамандығы: Организация перевозок, движения и эксплуатация транспорта (железнодорожный транспорт)
- Жұмыс өтілі: жоғары біліммен - еңбек өтіліне талап қойылмайды; орта (техникалық және кәсіптік) біліммен - пойыз құрастырушы және көмекшісі, сигналист, станса операторы, бағыттамалық дөңес кезекшісі лауазымындарында 1 жылдан кем емес; орта біліммен - пойыз құрастырушы және көмекшісі, сигналист, станса операторы, бағыттамалық дөңес кезекшісі, станция операторы лауазымындарында 2 жылдан кем емес
Қажетті білім дәрежесі
- Орташа білім
Ұқсас вакансиялар