"ҚМГ Инжиниринг"ЖШС геологиялық барлау департаменті геофизика басқармасының жетекші инженері

ҚМГ Инжиниринг Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
24

Қаралған саны:
1481

   Конкурс туралы
Талаптар
Лауазымдық нұсқаулық бойынша біліктілік талаптары
Талап етілетін біліктілік
Білімі (жоғары, мамандық/біліктілік) Мұнай-газ геологиясы/мұнай-газ геофизикасы саласындағы жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік білім
Кәсіби саладағы жұмыс өтілі Кемінде 5 жыл
Бейіні бойынша ұлттық және/немесе халықаралық компаниялардағы және/немесе функционалдық бағыттарға сәйкес салалардағы жұмыс өтілі Кемінде 2 жыл ұлттық және/немесе халықаралық компанияларда және/немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда болуы қажет
Басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі Қажет емес
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім:
- Қазақ тілін білу;
- Тау жыныстарының серпімді қасиеттерін талдау саласындағы терең білім (петроэластикалық модельдерді құру, әр түрлі литология/сұйықтық сценарийлерін модельдеу)
- Сейсмикалық деректердің инверсия, AVO талдау және сейсмикалық модельдеу саласындағы терең білім;
- Сейсмикалық деректерді өңдеу және жөндеу саласындағы білім;
- Машиналық оқыту және нейрондық желілер саласындағы білім;
- Қазақстандағы мұнай-газ бассейндерінің геология негіздерін және геологиялық ерекшеліктерін білу;
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
- Сейсмикалық деректертің динамикалық және құрылымдық интерпретациясы мен тау жыныстары физикасына байланысты бағдарламалық өнімдерде жұмыс істеу дағдылары (Hampson Russell, RokDoc, Fugro Jason, Petrel)
- Жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша қорытындылар, есептер мен презентациялар дайындау дағдылары;
-Геофизикалық және геологиялық-кәсіпшілік деректерді жүйелеу дағдылары;
Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттер:
Барлау және өндіру жобаларға қорытындылар мен ұсынымдар дайындау мақсатында сейсмикалық деректердің динамикалық интерпретациясы бойынша жұмыстарды орындайды;
Серпімді қасиеттерді талдау және петроэластикалық модельдерді құру бойынша жұмыстарды орындайды;
Сейсмикалық инверсияны есептеу, AVO талдау бойынша жұмыстарды орындайды;
Үшінші тарап орындаушылары орындайтын сейсмикалық деректерді өңдеу және динамикалық интерпретациялау кезеңдеріне сүйемелдейді;
Жұмыстарды орындау кезінде заманауи мамандандырылған бағдарламалық кешендерді қолданады;
Тестілеу кезінде анықталған параметрлерді қолдана отырып сейсмикалық деректерді өңдейді;
Ерекше шарттар: *
жоқ
Ескерту: **
жоқ

Анықтама:
* Сирек кездесетін мамандардың қажеттілігі және бос жұмыс орнының күрделілігі туралы ақпарат.
** Босатылған позиция туралы ақпарат (қызметкермен еңбек шартын бұзу, ұйымдық құрылымды өзгерту кезінде, оқу демалысы, жүктілік және босану бойынша демалыс, жалақы сақталмайтын демалыс (ұзақ демалыс), зейнеткерлік жасқа жеткен қызметкердің зейнетке шығуы және т. б.)