"Көлік сервис орталығы" АҚ филиалының активтерді есепке алу және жылжымайтын мүлікті ресімдеу қызметінің бас менеджері

«Көліктік сервис орталығы» акционерлік қоғамы Көкшетау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
74

Қаралған саны:
517

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Активтерді есепке алу және мониторингілеу, жылжымайтын мүлікті ресімдеу және тіркеу бойынша міндеттер мен функцияларды орындайды;
  • ұсынылған ақпараттың толықтығына, уақтылығына, дұрыстығына жауап бере отырып, орындалған жұмыстардың есептерін уақтылы ұсынады;
  • жер учаскелеріне құқық беру туралы Жергілікті атқарушы органдарға өтініштер (өтінімдер) әзірлейді және дайындайды;
  • жылжымайтын мүлік объектілеріне "ЦТС" ақ құқықтарын, жер учаскелеріне құқықтарды, мүлікке құқықтар ауыртпалықтарын мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етеді;
  • "ЦТС" ақ жылжымайтын мүлік объектілерінің санын есепке алуды жүзеге асырады;
  • жер учаскелері мен темір жолдарға құқық белгілейтін, құқық куәландыратын, сәйкестендіру құжаттарына мониторингті, талдауды және өзектендіруді жүзеге асырады;
  • өз құзыреті шегінде қызмет бастамашылық ететін шарттар шеңберінде сатып алуды ұйымдастыру және өткізу кезінде қоғамның негізгі бөлімшелерімен өзара іс-қимыл регламенті талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
  • құзыреті шегінде қаржылық есептілік депозитарийіне, Қоғамның ресми интернет-ресурстары мен сайттарына орналастыруға жататын есептілік бойынша ақпарат дайындауды жүзеге асырады;
  • мемлекеттік органдармен, ЖАО-мен, оның ішінде "Азаматтарға арналған үкімет МК"КЕАҚ-мен өзара іс-қимыл жасайды.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары
  • Мамандығы: жерге орналастыру; кадастр; құрылыс; сәулет; экономика; менеджмент; мемлекеттік және жергілікті басқару; есеп және аудит; Бағалау; құқықтану; халықаралық құқық.
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 4 жыл, оның ішінде қызмет бейіні бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл жұмыс істеу.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Бастапқы)