Стратегия, жобалау әдіснамасы және тәуекелдерді басқару қызметінің жетекші инженер (аутстсаффинг)

ҚМГ Инжиниринг Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
12

Қаралған саны:
351

   Конкурс туралы
Білімі (жоғары, мамандық/біліктілік):
Қызмет бейіне сәйкес жоғары кәсіптік білімі.
Техникалық/қаржылық-экономикалық/гуманитарлық.
Кәсіби саладағы жұмыс өтілі:
Кемінде 5 жыл.
Бейіні бойынша ұлттық және/немесе халықаралық компаниялардағы және/немесе функционалдық бағыттарға сәйкес салалардағы жұмыс өтілі (жақсырақ):
Кемінде 2 жыл.
Басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі:
Қажет емес.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
-Қазақ тілін білу;
-Тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау саласындағы халықаралық стандарттарды білу (COSO ERM, COSO Internal Control Integrated Framework, ISO 31000 және т.б.);
-Операциялық, стратегиялық, қаржылық және комплаенс-тәуекелдерді бағалау мен басқару әдістемесін білу;
-Тәуекелдерді басқару жүйесін / ішкі бақылау жүйесін / қызметтің үздіксіздігін басқару жүйесін / тұрақты даму жүйесін білу;
-Business Continuity Management (BCM) тұжырымдамасы мен құралдарын білу, соның ішінде: BCP (Business Continuity Plan), DRP (Disaster Recovery Plan);
-Регламенттерді, рәсімдерді, чек-парақтарды, тәуекел карталарын және бақылау матрицаларын әзірлеу мен енгізу дағдылары.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
-Тәуекелдерді айқындау, бағалау және талдау, тәуекелдерді басқару әдістерін таңдау дағдылары, деректерді талдау және тәуекелдерді бағалау үшін заңдылықтарды анықтау қабілеті, деректерді талдау құралдарымен жұмыс істеу дағдылары;
-Бизнес-процестерді сипаттау, тәуекелдер мен бақылау матрицаларын және процестердің блок-схемаларын құру, бақылау рәсімдерінің дизайнын тестілеу мен талдау, бақылау рәсімдерін жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу дағдылары;
-Тәуекелдерді басқару жүйесі, ішкі бақылау жүйесі, қызметтің үздіксіздігін басқару жүйесі бойынша әдіснамалық құжаттар әзірлеу дағдылары;
-Командада жұмыс істеу, аналитикалық жұмыс, ақпаратты жинау және жүйелеу, сұхбат жүргізу, презентациялар өткізу, сендіру дағдылары, жоғары коммуникабельділік пен күйзеліске төзімділік;
-тратегиялық, аналитикалық және жүйелі ойлау дағдылары және өз ұстанымын дәлелді түрде қорғау қабілеті.
Осы лауазымдағы функционалдық міндеттері:
-Серіктестіктің стратегия, ТБЖ, ІБЖ және ҮБЖ саласындағы ішкі құжаттарын әзірлейді, өзектендіреді, үнемі жетілдіреді және белгіленген тәртіппен бекітеді;
-ТБЖ-ның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында ішкі құжаттарда көзделген тәуекелдерді жыл сайын айқындау және бағалау нәтижелерін (тәуекел-аппетит, тәуекелдер тізілімі, тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар жоспары, тәуекел карталары және ТБЖ-да көзделген өзге құжаттар) қалыптастырады және белгіленген тәртіппен бекітеді;
-Тәуекел параметрлерінің өзгеру динамикасы туралы, сондай-ақ тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралар мен бақылау рәсімдерінің тиімділігі туралы уақтылы хабардар ету мақсатында Серіктестіктің Бақылау кеңесіне тәуекелдер жөніндегі есепті қалыптастырады және белгіленген тәртіппен бекітуге жолдайды;
-Іске асқан тәуекел оқиғалары бойынша статистикалық ақпаратты жинақтау үшін деректер базасын жүргізеді;
-ТБЖ, ІБЖ және ҮБЖ мәселелері бойынша Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелеріне әдістемелік көмек көрсетеді және оқыту іс-шараларын өткізеді;
-Серіктестік үшін тәуекелдердің бар-жоғы тұрғысынан жүргізілген талдау негізінде Серіктестіктің органдары мен комитеттерінің қарауына шығарылатын мәселелер бойынша сараптамалық қорытындыларды дайындауды қамтамасыз етеді;
-Серіктестік активтерін «Самұрық-Қазына» АҚ (Қор) және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) 50%-дан астамы Қорға тікелей немесе жанама меншік құқығында не сенімгерлік басқаруында тиесілі заңды тұлғалардағы Сақтандыру қорғауын ұйымдастыру саясатына сәйкес уақтылы сақтандыру қорғауын ұйымдастырады;
-Тәуекелдер мен бақылаулар матрицаларын, бизнес-процестер бойынша блок-схемаларды, корпоративтік деңгейдегі тәуекелдер мен бақылаулар матрицаларын әзірлейді және өзектендіреді, бақылау рәсімдерінің дизайнын талдайды, бақылау рәсімдерін жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлейді;
-Бизнеске әсерді талдау, сыни бизнес-процестерді айқындау, қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз ету жоспарларын қалыптастыруды жүзеге асырады, қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз ету жоспарларын тестілеуді жүргізеді;
-Бөлімше, КМГ ішкі аудит қызметі және сыртқы аудитор жүргізген аудиттердің нәтижелері бойынша берілген ұсынымдардың орындалуына бақылау мен мониторинг жүргізеді;
-Тәуекелдер жөніндегі комитеттің отырыстарын дайындауды және өткізуді ұйымдастырады;
-Серіктестіктің мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен және КМГ-мен бірлесіп Даму бағдарламасы жобасын келіседі;
-Серіктестік Басқаруының қатысуымен Даму бағдарламасын талқылау және/немесе бекіту үшін Стратегиялық сессияларды өткізуді ұйымдастырады;
-Сыртқы және ішкі ортаның өзгерістерін ескере отырып, Даму бағдарламасының өзектілігіне жыл сайын талдау жүргізеді;
-Серіктестіктің негізгі бизнес-процестеріне тұрақты дамудың құндылықтарын, мақсаттары мен қағидаттарын интеграциялайды, Серіктестіктегі тұрақты даму мәдениетін арттырады;
-Серіктестіктің тұрақты даму мәселелері бойынша қызметін үйлестіреді, мониторинг жүргізеді және талдайды.
Ерекше шарттар:
жоқ.