өтпе кезекшісі
Шымкентская дистанция пути Шымкент қ.- Құрылған күні:
-
24.11.2025
- Берілген өтінім:
- 6
- Қаралған саны:
- 139
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Үнемі теміржол өткелінде болуы.
- Поездардың және автокөлік құралдарының өткелден қауіпсіз әрі үздіксіз өтуін қамтамасыз етеді.
- Өткелдік сигнализация мен автоматиканың, шлагбаумдарды ашу-жабуға арналған автоматты құрылғылардың, прожекторлық қондырғылардың, электр жарықтандырудың, радио және телефон байланысының дұрыс жұмысын бақылауды қамтамасыз етеді.
- Өткел құрылғыларын, теміржол жолын, шлагбаум шегіндегі өткел аумағын және оған келетін жолдарды дұрыс жағдайда және тазалықта ұстауды қамтамасыз етеді.
- 140 км/сағ-тан жоғары жылдамдықпен өтетін жолаушылар поезы жақындағанда, өткел арқылы автокөліктердің қозғалысын тоқтатып, шлагбаумдарды (автоматты немесе автоматты емес болуына қарамастан) поезд өтуден 5 минут бұрын жабуы тиіс.
- Орнатылған тәртіпке сәйкес өткел арқылы ауыр жүк көліктерінің, баяу жүретін, ауыр салмақты және ұзын көлемді транспорт құралдарының, машиналар мен механизмдердің, мал айдаудың қозғалысын ұйымдастырады және реттейді.
- Автоматты сигнализация, басқару құрылғылары және автоматты шлагбаумдар істен шыққан кезде, энергиямен жабдықтау бұзылғанда, апатты жағдайда немесе автоматика мен сигнализация құрылғыларын техникалық қызмет көрсету және реттеу жұмыстары жүргізілгенде, поезддар мен автокөліктердің қауіпсіз қозғалысын ұйымдастырады.
- Егер анықталған ақаулықты, қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін болса және оны өз күшімен дереу жою мүмкін болмаса, теміржол өткелдерін құрылғыларымен жабдықтау және қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес әрекет етеді.
- Өтіп жатқан поездардың жағдайын бақылайды, жылжымалы құрамдағы ақаулар немесе жүктің қауіпті тиелуі анықталған жағдайда, поездды тоқтату шараларын қабылдайды.
- Өткелдің екі жағынан 50 метр қашықтықтағы теміржол жолының жағдайын, өткел құрал-жабдықтары мен барлық құрылғылардың күйін, қол сигналдарының, петардалардың, құрал-саймандар мен инвентарьдың болуын және олардың жарамдылығын тексереді.
Қажетті білім дәрежесі
- Орташа білім
- Техникалық және кәсіптік білім беру