НОДГП-2 (ЖТ Қостанай бөлімшесі) «ҚТЖ-Жүк тасымалдары» ЖШС логистика және жүк тасымалдауды ұйымдастыру бөлімінің 1-категориясы техник-технологы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
1, Станциялардың тауар кассирлерімен көлік құралдарын уақытша әкелу мерзімдерін сақтау және жүктерді жеткізу мерзімін (тауардың кедендік транзитінің мерзімі) сақтау мәселелері бойынша жұмыс жүргізеді2, Кеден органдарының көлік құралдарын уақытша әкелу мерзімдерін және жүктерді жеткізу мерзімдерін (тауардың кедендік транзитінің мерзімі) тауарлық кассалары немесе E-GOV бағдарламасы жоқ станциялардағы вагондарға ұзарту бойынша хат алмасуларын жүргізеді
3, Станцияларда жүк операциялары кезінде станциялық жолдарда «бөтен» темір жол әкімшіліктері паркі вагондарының болуына бақылау жүргізеді, станцияларда вагондар ұзақ уақыт тұрып қалған жағдайда ДС талдау материалдарын сұратады
4, Жүк алушылармен (жөнелтушілермен) вагондар мен жүктерді басқа адреске жіберуге бұйрықтарды ресімдеу бойынша жұмыс жүргізеді
5, Әкімдіктермен, көлік прокуратурасымен, жүк жөнелтушілермен, жүк алушылармен вагондарды уақтылы тиеуді, түсіруді ұйымдастыру бойынша, мәлімделген жоспарларды орындау бойынша хат алмасуды жүргізеді
Біліктілік талаптары:
Білімі: орта (техникалық және кәсіптік)Саладағы мамандығы: Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару (салалар бойынша); Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару
Жұмыс тәжірибесі: кемінде 2 жыл, жүк және багажды қабылдап-тапсырушы/тауар кассирі лауазымында кемінде 1 жыл жұмыс өтілінің болуы
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Колледж