«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Көпсалалы қызмет көрсету орталығы» филиалының Бухгалтерлік есеп департаментінің НҚ және МЕА есепке алу бойынша функционалдық бағытының бас менеджері (17 Грейд)
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Астана қаласында орналасқан филиалдар ұсынған алғашқы құжаттарға сәйкес SAP RWP бухгалтерлік есептің автоматтандырылған жүйесінде сыртқы ұйымдардан келіп түскен негізгі құралдар (НҚ) мен материалдық емес активтердің (МЕА) бастапқы құжаттамасының дұрыс көрсетілуін ұйымдастырады және бақылауды жүзеге асырады;
- Астана қаласында орналасқан филиалдар ұсынған алғашқы құжаттарға сәйкес SAP RWP бухгалтерлік есептің автоматтандырылған жүйесінде жарғылық капиталға жарна ретінде келіп түскен НҚ мен МЕА бойынша бастапқы құжаттамасының дұрыс көрсетілуін ұйымдастырады және бақылауды жүзеге асырады;
- Астана қаласында орналасқан филиалдар ұсынған алғашқы құжаттарға сәйкес SAP RWP бухгалтерлік есептің автоматтандырылған жүйесінде бюджеттiк/сыртқы ұйымдардан өтеусіз алынған НҚ мен МЕА бойынша бастапқы құжаттамасының дұрыс көрсетілуін ұйымдастырады және бақылауды жүзеге асырады;
- Астана қаласында орналасқан филиалдар ұсынған алғашқы құжаттарға сәйкес SAP RWP бухгалтерлік есептің автоматтандырылған жүйесінде түгендеу барысында анықталған НҚ мен МЕА бойынша бастапқы құжаттамасының дұрыс көрсетілуін ұйымдастырады және бақылауды жүзеге асырады;
- Астана қаласында орналасқан филиалдар ұсынған алғашқы құжаттарға сәйкес SAP RWP бухгалтерлік есептің автоматтандырылған жүйесінде НҚ мен МЕА-ны баланстан тыс шоттарға өткізу (сату) бойынша бастапқы құжаттамасының дұрыс көрсетілуін ұйымдастырады және бақылауды жүзеге асырады;
- Астана қаласында орналасқан филиалдар ұсынған алғашқы құжаттарға сәйкес SAP RWP бухгалтерлік есептің автоматтандырылған жүйесінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшелерінен келіп түскен НҚ мен МЕА бойынша бастапқы құжаттамасының дұрыс көрсетілуін ұйымдастырады және бақылауды жүзеге асырады;
- Астана қаласында орналасқан филиалдар бойынша SAP RWP жүйесінде (НҚ мен МЕА-ның түсуі, орын ауыстыруы және шығарылуы кезінде) өзінің функционалдық шеңберінде өзара есеп айырысуларды жабуды және салыстыру актілерін қалыптастырады;
- Астана қаласында орналасқан филиалдар ұсынған алғашқы құжаттарға сәйкес SAP RWP бухгалтерлік есептің автоматтандырылған жүйесінде ұзақ мерзімді жалға алынған НҚ мен МЕА бойынша бастапқы құжаттамасының дұрыс көрсетілуін ұйымдастырады және бақылауды жүзеге асырады;
- Астана қаласында орналасқан филиалдар ұсынған алғашқы құжаттарға сәйкес SAP RWP жүйесінде НҚ мен МЕА-ны тауар-материалдық қорлар құрамына ауыстыру бойынша бастапқы құжаттамасының дұрыс көрсетілуін ұйымдастырады және бақылауды жүзеге асырады;
- Астана қаласында орналасқан филиалдар ұсынған алғашқы құжаттарға сәйкес SAP RWP жүйесінде НҚ мен МЕА-ны сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер құрамына ауыстыру бойынша бастапқы құжаттамасының дұрыс көрсетілуін ұйымдастырады және бақылауды жүзеге асырады;
- Астана қаласында орналасқан филиалдар ұсынған алғашқы құжаттарға сәйкес SAP RWP бухгалтерлік есептің автоматтандырылған жүйесінде НҚ мен МЕА-ны үшінші тұлғаларға (сыртқы ұйымдарға) сату бойынша бастапқы құжаттамасының дұрыс көрсетілуін ұйымдастырады және бақылауды жүзеге асырады.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары.
- Саладағы мамандығы: Есеп және аудит; Қаржы; Экономика.
- Жұмыс өтілі: Қызмет бейіні бойынша кемінде 4 жыл, соның ішінде кемінде 2 жыл басшылық лауазымдарда.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар