Комлаенс қызметінің бас менеджері

«QazaqGaz» ҰК» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
99

Қаралған саны:
940

   Конкурс туралы
Құрметті ізденуші!
Бос орынға жауап бермес бұрын сізден конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

1. Білім, жұмыс тәжірибесі, дағдылары және т.б. туралы ұсынылатын деректердің дұрыстығына ізденуші жауапты болады.

Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, ізденуші конкурстық іріктеуге қатысуға жіберілмейді.


2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

Анықтама өзекті ақпаратты қамтуы тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін кемінде 1 (бір) ай бұрын алынуы тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы "жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу" бөлімінен алуға болады.
Жеке кабинетте және сіз көрсеткен электрондық мекенжайда тиісті хабарламаларды қадағалауыңызды сұраймыз.

3. Хабарламаларды бақылау және уақтылы ден қою үшін жауапкершілік бос лауазымға орналасуға ниет білдірген (мүдделі) адамның жауапкершілік аймағы болып табылады.


Міндеттері:
1. Комплаенс және СМЖ жүйесін басқару
Комплаенс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесінің жұмыс істеуін және үнемі жетілдірілуін қамтамасыз ету.
Ұйымның мәнмәтінін, мүдделі тараптардың талаптарын, жүйені қолдану саласын және мақсаттарды өзектендіруді айқындауға қатысу.
Міндетті талаптардың, тәуекелдердің және бақылау іс-шараларының тізілімдерін жүргізу және өзектендіру.
2. Сыбайлас жемқорлық, реттеуші және беделді тәуекелдерді басқару
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды үйлестіру және жүргізу.
Тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау және қайта қарау, оларды митигациялау жөніндегі шараларды әзірлеу.
Іске асырылатын бақылаулар тиімділігінің мониторингі.
3. Ішкі құжаттар және әдістеме
Комплаенс, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, корпоративтік этика, инсайдерлік ақпарат, сыйлықтар, мүдделер қақтығысы және due diligence мәселелері бойынша ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу, енгізу және өзектендіру.
4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті оқыту және қалыптастыру
Оқыту, коммуникациялық және түсіндіру іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу.
Адалдық мәдениетін, этикалық мінез-құлықты және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру.
Қамтуды бақылау және оқыту нәтижелерін құжаттау.
5. Сенімділікті тексеру және үшінші тұлғалардың мониторингі
Әлеуетті және қолданыстағы контрагенттерді, сондай-ақ кандидаттарды кешенді due diligence өткізу.
Тәуекел деңгейі жоғары контрагенттерді бақылау.
6. Қызметтік тексерулер және бұзушылықтарға ден қою
Қызметтік тексерулерді өткізу және оған қатысу.
Анықталған бұзушылықтардың негізгі себептерін талдау, ұсыныстар дайындау және түзету әрекеттерін бақылау.
Ақпарат берушілердің құпиялылығы мен қорғалуын қамтамасыз ету.
7. Сәйкестік мониторингі және аудиттер
Ішкі құжаттардың, корпоративтік стандарттардың және заңнама талаптарының сақталуын бақылау.
Комплаенс / СМЖК жүйесінің ішкі аудиттеріне қатысу және ISO сыртқы аудиттеріне материалдарды дайындау.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар мен комплаенс-функциялардың тиімділігіне жыл сайынғы бағалау жүргізу.
8. Мүдделер қақтығысын, сыйлықтарды және инсайдерлік ақпаратты басқару
Сатып алу, кадрлық шешімдер және операциялық қызмет процестеріндегі мүдделер қақтығысын анықтау, бағалау және реттеу.
Сыйлықтар беру және алу ережелерінің сақталуын бақылау.
Инсайдерлік ақпараттың айналысын бақылау.
9. Корпоративтік басқару және сыртқы тараптармен өзара іс-қимыл
Комплаенс мәселелері бөлігінде Директорлар кеңесі мен басқармаға шығарылатын материалдарды қарау.
Комплаенс мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, мекемелермен, ведомстволармен өзара іс-қимыл жасау.
QazaqGaz компаниялар тобының комплаенс-бөлімшелерін әдіснамалық және практикалық қолдау.
10. Комплаенс-процестерді автоматтандыру
Цифрлық құралдарды енгізу және комплаенс процестерін автоматтандыру жөніндегі жобаларға қатысу.

Талаптары:

Экономика, құқықтану, қаржы және жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті өзге де салалардағы жоғары білім.

QazaqGaz-да бар немесе "Самұрық-Қазына"АҚ компаниялар тобының комплаенс жөніндегі корпоративтік стандартында көрсетілген комплаенс бағдарламасының көптеген элементтерін жүзеге асыруды көздейтін комплаенс функциясын іске асыруда кемінде 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі болғаны жөн.

Комплаенс саласындағы халықаралық кәсіби ұйымдар (мысалы, Ica, CFE), біліктілік емтиханын тапсыруды көздейтін "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобы мамандарын қайта даярлау және біліктілігін арттырудың корпоративтік орталығы беретін комплаенс саласындағы қолданыстағы кәсіби сертификаттарға ие болған жөн.

QazaqGaz қызметін жүзеге асырудың өңірлік және өзге де ерекшеліктерін ескере отырып, Тиімді коммуникациялар мен оқытуды жүргізу үшін жеткілікті деңгейде орыс тілін білу және мемлекеттік тілді меңгеру, сондай-ақ ағылшын тілін білген жөн.
Шарттар:
ҚР ЕК сәйкес ресімдеу.
Сынақ мерзімі-3 ай.
Бес күндік жұмыс аптасы, екі демалыс - сенбі және жексенбі.