«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі» филиалы (Қандыағаш ст.) қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі учаске бастығы

от 562645
Актобинское отделение магистральной сети Ақтөбе облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
46

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Көрсетілген бұзушылықтардың туындау себептерін болдырмау бойынша ұсыныстарды әзірлеу бойынша тексеру актілері бойынша анықталған кемшіліктерді есепке ала отырып, телімдегі қозғалыс қауіпсіздігінің жағдайына ай сайын талдау жүргізеді, жұмыс өтілі бір жылдан аз және қайталап бұзушылық жіберген қызметкерлер арасынан кадрлық қатер тобын анықтайды; 
  • Станса басшыларының баяндауы бойынша жел күшейген кезде жылжымалы құрамды қосымша бекіту, тастанды құрамдарды бекіту, жылжымалы құрамды бекіту технологиясына диспетчерлік бұйрықтарды орындау сапасына тәулік сайын бақылауды жүзеге асырады;  
  • Жолаушылар, қаламаңы және жүк пойыздарын қабылдау, жөнелту және жүру бекітілген тәртібі бұзылған және кідіртілген жағдайларын соның ішінде адамдар мен малды басып кету себептері бойынша қарайды, КТСМ, УКСПС, КГУ іске қосылған кезде қызметкерлерді іс-әрекетін және пойыздардың сонымен қатар тыйым салатын көрсеткіштері бар кіреберіс бағдаршамдағы кідіру себептерін қарайды;   
  • Қозғалыс қауіпсіздігі аймақтық бөліміне қозғалыс қауіпсіздігі бұзушылықтары туралы ақпаратты ұсынады. Телімде қозғалыс қауіпсіздігін бұзу орын алған кезде қозғалыс қауіпсіздігі Қызметіне және қозғалыс қауіпсіздігі аймақтық бөліміне Ереженің №1 қосымшасына сәйкес хронометраж құру үшін жедел ақпарат ұсынады және с.с.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
  • Мамандығы: Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану (темір жол көлігі).
  • Жұмыс тәжірибесі: класстан тыс және 1.2 класс стансаларының станса бойынша кезекшісі/станса бастығы/станса бастығының орынбасары лауазымында 1 жылдан кем емес.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр