«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі» филиалы (5-класс) 191-разъездінің бастығы

от 311360
Актобинское отделение магистральной сети Никельтау а.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
54

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Диспетчерлік аппараттан келіп түсетін тәуліктік және ауысымдық тапсырма негізінде теміржол станциясының жүк жұмысын тәулікке және ауысымға жоспарлайды;
  • Жоспарланған кезеңнің басындағы теміржол станциясындағы нақты жағдайды ескере отырып, диспетчерлік аппараттан келіп түсетін поездар мен оларда тасымалданатын жүктердің жақындауы туралы ақпарат негізінде поездық жұмысты жоспарлайды;
  • Пойыздарды қабылдау және жөнелту, құрамдарды қалыптастыру және тарату, вагондарды жинау және оларды тиеу-түсіру майдандарына беру, вагондардағы жүктерді өлшеу және мөлшерлеу бойынша теміржол станциясының жұмысын ұйымдастырады;
  • Сынақ жүргізуге және жаңа дабыл, орталықтандыру, бұғаттау және байланыс құрылғыларын, жылжымалы құрамды, жұмысты автоматтандыру құралдарын енгізуге, авариялар мен жазатайым оқиғалардың себептерін тексеруге қатысады және т.б.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары / орта (техникалық және кәсіптік).
  • Мамандығы: Темір жол көлігіндегі тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану.
  • Жұмыс тәжірибесі: білімі жоғары болса  - 3 жылдан кем емес, сонын ішіндеі 4, 5 класс станцияларында станция кезекшісі лауазымында 2 жылдан кем емес; білімі орта (техникалық және кәсіптік) болса - 5 жылдан кем емес, соның ішінде 4, 5 класс станцияларында, станция кезекшісі лауазымында 3 жылдан кем емес.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Колледж