"ҚТЖ "ҰК" АҚ-"Алматы магистральдық желі бөлімшесі"филиалының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология қызметінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженер - технологы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтауын, еңбекті қорғау құралдарын, жеке қорғану құралдарын дұрыс пайдалануын, айлабұйымдарды, машиналарды, механизмдерді, электрден қорғау және сақтандыру құралдарын сынау мерзімдерінің сақталуын, жұмыскерлерді арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа да ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілуін, жұмыскерлерді арнайы сабынмен қамтамасыз етілуін бақылайды
- жазатайым оқиғаларды тергеуге, олардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады, жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендердің есебін жүргізеді, өндірістік жарақаттанудың себептерін талдайды
- еңбекті қорғауға арналған қаражатты игеру туралы есептер жасайды, еңбекті қорғаудың жай-күйін талдайды, еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша есептілік жасайды
- кіріспе нұсқама бағдарламасын әзірлейді, жаңадан қабылданған қызметкерлермен, іссапарға жіберілгендермен, өндірістік оқытуға немесе практикаға келген оқушылармен және студенттермен кіріспе нұсқама жүргізеді
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша қызметкерлердің білімін тексеру кестесін жасайды, білімін тексеруге қатысады, білімін тексеру нәтижелерін тиісінше ресімдеуді қамтамасыз етеді, жаңадан қабылданған қызметкерлердің уақтылы оқуын және білімін тексеруді бақылайды
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар (вагондар, локомотивтер және электр Жылжымалы құрам); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); Электротехника (Радиотехника, электроника және
- телекоммуникация); Автоматтандыру және басқару; Электр энергетикасы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр