Өзен электрмен жабдықтау ауданының электромонтеры Маңғыстау электрмен жабдықтау ауданы "ҚТЖ"ҰК" АҚ филиалы Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі
- Құрылған күні:
-
04.12.2025
- Берілген өтінім:
- 11
- Қаралған саны:
- 51
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының талаптары мен қағидаларына, құралдармен және құрылғылармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік қағидаларына сәйкес жарамды, сынақтан өткен механизмдерді, жүк көтергіш машиналарды, айлабұйымдарды, қорғау құралдары мен монтаждау алабұйымдарын қолдану; жеке қорғаныс құралдарын пайдалану ережелерін білу, электр тоғының соғуы кезінде 1-ші көмек көрсету ережелерін білу және электр тогынан зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсете білу; электрмен жабдықтау ауданының электрмен жабдықтау схемаларын білу жұмыс жасау үшін қандай элементтерді өшіру керектігін еркін түсіну үшін жеткілікті; 10кВ электр беру желілеріне, 0,4 кВ трансформаторлық қосалқы станциялардың , жиынтық-трансформаторлық қосалқы станциялардың электр желіліеріне ағымдағы қызмет көрсетуді және жөндеу-тексеру жұмыстарын сапалы орындау, тұтынушылардың электр қондырғылары мен технологиялық карталарды пайдалану кезінде техникалық пайдалану қағидалары мен техника қауіпсіздігі қағидаларын сақтай отырып, ПЭУ сәйкес жылдық бекітілген тексеру жұмыстарының жоспарына сәйкес техникалық құралдарды ұстау және оларға қызмет көрсету, жаяу аралау.Біліктілік талаптары:
- Білімі: орта-арнайы (техникалық)
- Мамандығы: Электрмен жабдықтау, пайдалану, техникалық қызмет көрсету және теміржол көлігіндегі электромеханикалық жүйесін жөндеу, Автоматизация және басқару, Электрстанциясының, қосалқы станцияның және желілердің электр жабдықтары, тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару
- Жұмыс өтілі: еңбек өтілі талап етілмейді
Қосымша талаптар:
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар Министрлігінің нормативтік құқықтық актілері, ұйымынң өндірістік шаруашылық қызметін реттейтін актілерді; Өндірістік-шаруашылық қызметін реттейтін жергілікті актілер ретінде электрмен жабдықтауды, қосалқы станциялар мен электр станцияларын электрмен жабдықтау схемаларын, автоматты блоктау әуе желілерін және электрмен жабдықтаудың бойлық желілерін электрмен жабдықтауды ұйымдастыру электр желілерінің ауданы, тарату аймағы шегінде станцияның техникалық және тарату актілері;
Қажетті білім дәрежесі
- Техникалық және кәсіптік білім беру
Ұқсас вакансиялар