"Ақтау халықаралық теңіз сауда порты "ҰК" АҚ коммерциялық жұмыс бөлімінің 1-санатты маманы

от 542052
АО «НК «Актауский морской торговый порт» Ақтау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
21

Қаралған саны:
139

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Қолданыстағы тарифтер мен жеңілдіктерге (төлем мөлшерлемелері), сондай-ақ халықаралық Келісімдер мен Хаттамаларға сәйкес Қоғам көрсеткен қызметтер бойынша есептерді қалыптастыруды және шығаруды жүзеге асырады (металл экспортын қайта тиеу; металл экспортын сақтау; биг-бэгтердегі жүк экспортын қайта тиеу; биг-бэгтердегі жүк экспортын сақтау; бос және жүк тиелген контейнерлерді экспортқа қайта тиеу; экспортқа және импортқа жүк тиелген және бос контейнерлерді қайта тиеу; импорттың басқа жүктерін (б/б, поддоны) қайта тиеу; импорт контейнерлерін, басқа жүктерді (б/б, поддоны) сақтау; импорттың УСҚ сақтау; жүктерді қайта қаптау);
  • ай сайын деректерді енгізу жөніндегі мамандар енгізген мәліметтер мен жүк қоймасының тиеу-түсіру кешенінің (бұдан әрі – ЖҚ ТТК) есептері негізінде қойма алаңдарында және уақытша сақтау қоймасының алаңдарында (жөнелтілмеген жүктер) жүктерді нормативтен тыс сақтау үшін есептерді қалыптастырып, ұсынады;
  • ай сайын деректерді енгізу жөніндегі мамандар ұсынған түгендеу ведомосі мен ЖҚ ТТК есептері бойынша порт аумағында жүктерді сақтау үшін шығарылған есептердің мәліметтерін салыстырып тексеруді жүзеге асырады;
  • импорт/экспортты қайта тиеу, сақтау қызметтері бойынша орындалған жұмыстар актілерін рәсімдеп, оларды ОКР бастығы мен клиентке қол қойғызады және уақытылы бухгалтерлік есеп және есептілік департаментіне (бұдан әрі – БЕЕД) ұсынады;
  • жүк (металл, контейнерлер, жабдық, басқа да жүктер) қайта тиеудің жоспарланған көлемі бойынша аванстық есепті ұсынады.

Біліктілік талаптары:

  • Білім: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
  • Мамандығы: экономика, қаржы, көлік, құқық салалары бойынша.
  • Жұмыс өтілі: логистика және көлік, қаржы, экономика немесе құқық салаларында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі.

Қосымша талаптар:

  • ҚР «Сауда теңіз жүзуі туралы» Заңы; Ақтау портының тарифтер мен төлемдер прейскуранты; халықаралық маңызы бар теңіз порттары, порттық құрылыстар мен порт акваториясын қоса алғандағы теңіз порттарын пайдалану қағидалары; компьютерлік бағдарламалар (1С, MS Office және т.б.) бойынша тәжірибелі деңгейде жұмыс істей алу; жүк терминалын басқарудың автоматтандырылған жүйесі — СОЛВО бағдарламасы; Ақтау портының әдет-ғұрыптар жинағы; теңіз портының міндетті қызметтері тізбесі; корпоративтік басқару негіздері; ағылшын тілін білу құпталады.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр