Дрезина жүргізушісі

227921 - 242173
Атырауская дистанция сигнализации и связи Атырау облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
79

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

ДГКУ машиналарын  басқаруға  белгіленген тәртіппен  медицианалық  тексеруден өткен  18  жасқа  толмаған тұлғалар  жіберіледі. Жүргізуші  куәлігінң  болуы  қажет және  электрқауіпсіздік  бойынша 3 топ куәлігі болуы  қажет

31) теміржол қозғалысының  қауіпсіздігін қамтамасыз ететін  сигналдарға,  бағыттамаларға,  аппарттарға,  механизмдерге  және басқару  бөлмелеріне  құқығы  жоқ  тұлғалардың  кіруіне  тыйым  салынады. 

32) локомотивтерді, моторлы-вагонды  пойыздарды, арнайы  өздінен  жүретін  жылжымалы  құрамды (мотовоз, дрезина  теміржол-құрылыс  машиналары)  басқаруды,  сондай-ақ  сигналдар мен  бағыттамаларды  ауыстыруды  тек уәкілетті  қызметкерлер  өздерінің  қызметтік  міндеттерін  орындау  кезінде  жүзеге  асырады.

33) шығар алдында жүргізуші  машинананың жарамдылығына, АЛСН, КЛУБ-УП  құрылғыларының, радиостанциясының   жұмысына  өзі  көз  жеткізуге,  тежегіштердің, қозғалтқыштың, жүріс  бөліктерінің, кран қондырғысының  жағдайына  және вагондармен  дұрыс  тіркесуіне  ерекше  назар  аударуға  міндетті.

34) Шығар алдында  жүргізуші  шунттау  құрылғысын  тексеруге,  топсалы  иінтіректердің  кептеліп  қалмауын  тексеруге  және  дөңгелек  жұптарының  домалау  бетінің  тазалығын  қамтамасыз  етуге  міндетті.

35) Жолға  шығар  алдындадағы медициналық  тексеруден  өту   міндетті.

36) Адамдарды  машинада  техникалық  паспортта  көрсетілген  саннан  артық  тасымалдауға  жол  берілмейді (ДГКУ-да 4  адамнан  артық  емес)

37) Учаскеде  болған  кезде  жүргізуші  жұмыс  жетекшісінің   нұсқаулары  мен  талаптарын  тікелей  орындауға  міндетті.

38) учаске  желісіне  шыққан  кезде  байланыс  диспетчеріне   алдағы  жұмыс  және  орналасқан  жері  туралы  хабарлау  қажет.

39) жүргізуші  материалдар  мен ЖЖМ -ды тасымалдау, тиеу, түсіру  кезінде  ТБ  және  өрт  қауіпсіздігі  талаптарына  сақтауға, ДГКУ-ға  қызмет  көрсету  үшін  қажетті  құрал-саймандар  мен  қосалқы  бөлшектердің  қорын  иемденуге,  сондай-ақ  жұмысты  бастамас  бұрын  ТБ  жөніндегі  нұсқаулықтан  өтуге  міндетті.

Қажетті білім дәрежесі

  • Техникалық және кәсіптік білім беру