Жанаспайтын аспаптардың СОБ электр механигі
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
Реле мен сигналдық блоктардың барлық түрлерін реттеу, жөндеу және сынау технологиясы бойынша теориялық және практикалық білім болу тиіс. Реле мен сигналдық қондырғылардың электрлік және механикалық сипаттамаларын техникалық шарттарға сәйкес келтіру. Қажет болған жағдайда релелер мен сигналдық блоктарды жөндеу.Тексеру нәтижелерін белгіленген журналдарда жазады. Электриктердің дағдыларын дамытуға көмектеседі. Сигнал беру және блоктау құрылғыларының технологиялық схемаларын жүргізеді және олардың дұрыс қызмет көрсетуін қамтамасыз етеді.Қажетті сынақ стендтерін, бекітпелерді және бақылау-өлшеу құралдарын пайдалана білуі тиіс. Сынау жабдықтары мен бақылау-өлшеу құралдарының дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.Метрологпен бірлесе отырып, олардың конструкциясын және сынақ қондырғыларын жөндеуді білу қажет. Қажетті сынау қондырғыларын, бекітпелерді және бақылау-өлшеу құралдарын пайдаланады.Сынау жабдықтары мен бақылау-өлшеу құралдарының дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.Метрологпен бірлесе отырып, олардың конструкциясын және сынақ стендтерін жөндеуін білу.
Біліктілік талаптары:
Білімі
жоғары, кәсіби-орта және арнайы бағдарламен дайындау курсы ( электр механиктерді дайындау курсы)
Жұмыс тәжірибесі
электр монтер лауазымында 2 жыл істеген болса
Қосымша талаптар:
Қазақстан Республикасының, оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Нормативтік құқықтық актілері, "Қазақстан темір жолы "ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының Жалғыз акционерінің 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 94-ө шешімімен бекітілген "Қазақстан Темір Жолы "Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының жарғысы, сондай-ақ акционерлік қоғамның өндірістік-шаруашылық қызметін регламенттейтін жергілікті актілер "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы (бұдан әрі - Компания) және "Қазақстан Темір Жолы "Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының филиалы - "Магистральдық желі дирекциясы" (бұдан әрі – Дирекция), интеграцияланған менеджмент жүйесінің (бұдан әрі – БМЖ) талаптары (құжаттары). Теориялық және іс жүзінде қызмет көрсетілетін құрылғыларды білуі, олардың жарамды жай-күйін қамтамасыз етуі, сондай-ақ жұмыс жүргізу қағидаларын міндетті орындау кезінде құрылғыларды жөндеуді, монтаждауды, өлшеуді және реттеуді жүргізе білуі; еңбек тәсілдерін жетілдіруі; құрылғыларға қызмет көрсетудің озық әдістерін меңгеруі және қолдануы тиіс.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж