"Әскерилендірілген теміржол күзеті"ЖШС ӘТЖК Ақмола филиалы Астана станциясындағы атқыштар командасының диспетчері

от 224154
Акмолинский филиал ТОО «Военизированная железнодорожная охрана» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
50

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

Серiктестiк филиалының директоры бекiткен ай сайынғы кестеге сәйкес кезекшiлiкке түседi;
Ауысымды диспетчерде кезекшілікке түскен кезде ауысымдағы жедел жағдай туралы қызметтік құжаттаманы және ақпаратты қабылдайды, мүкәммалдық тізімдемеге сәйкес қызметтік кабинеттегі ұйымдастыру техникасының, байланыс құралдарының және басқа да мүліктердің дұрыс жұмыс істеуін тексереді;
Белгіленген нысандар мен Серіктестіктің ішкі құжаттарына сәйкес ауысым ішінде келіп түсетін ақпаратты жинауды, дайындауды және уақтылы ұсынуды жүзеге асырады;
Атыс командаларының (топтарының) тәуліктік нарядтарының, жедел ден қою жұмылдыру топтарының күштері мен құралдарын жүктерді әскерилендірілген күзетпен және темір жол көлігінің стационарлық объектілерімен қамтамасыз ету бойынша орналастыру мониторингін жүзеге асырады;
Серіктестіктің диспетчерлік қызметінің менеджерлерімен, филиалдардың дисптчерлерімен, атқыштар командаларының (топтарының), жедел ден қою ұтқыр тобының бастықтарымен және тәуліктік нарядтармен, сондай-ақ «ҚТЖ» ЖШС - «Жүк тасымалы» филиалының диспетчерлерімен және көліктегі ішкі істер органдарының жедел кезекшілерімен өзара іс-қимыл жасайды;
Филиалға, атыс командаларына (топтарына) қызмет көрсету шекарасын, тәуліктік нарядтардың қызметін ұйымдастыру және атқару тәртібін, атыс командаларының (топтарының) және жедел ден қою ұтқыр тобының орналасқан жерін біледі;
Күзетілетін номенклатуралық жүктердің, транзиттік контейнерлік поездардың, бағалы жүктері бар жалғыз контейнерлердің, қауіпті жүктері бар вагондардың, автотракторлық техниканың, локомотивсіз қалдырылған (тастанды) поездар құрамының, шұғыл аялдамалар мен тежеулердің, ұрлаудың, мал мен адамдарды басып кетудің, басқа да оқиғалардың өтуіне тұрақты мониторингті жүзеге асырады белгіленген нысандарға сәйкес;
Жүктердің табылған жетіспеушіліктері, коммерциялық және техникалық ақаулар туралы жедел ақпарат алған кезде, әсіресе жөнелту станцияларында және мемлекетаралық түйісу пункттерінде қабылдау кезінде, филиалдарға қызмет көрсету учаскелерінде жалпы нысандағы актілерді ресімдеу кезінде ақпаратты бастапқы жинауды жүзеге асырады және оны әскерилендірілген күзетті ұйымдастыру бөліміне береді;
Номенклатуралық жүктері бар поездарды физикалық сүйемелдеусіз жөнелту кезінде осы поезды ол келгенге және күзет нарядтарының көрші ауысым пунктін қабылдауына дейін бақылауда ұстайды;
Күзетiлетiн объектiлерде дайындалып жатқан немесе жасалған барлық оқиғалар мен қылмыстар туралы, темiр жол көлiгiндегi террорлық актiнiң қаупi туралы ақпарат алған кезде Серiктестiк филиалының қызметкерлерiн және мұны бiлуi қажет адамдарды хабардар етедi.

Біліктілік талаптары:

Білімі: жоғары (немесе
жоғары оқу орнынан кейінгі)

Мамандығы: Юриспруденция; Құқықтану; Әскери басқару; Әскери іс және қауіпсіздік; Құқық қорғау қызметі; Көлік, көлік техникасы және технологиялары (вагондар және вагон шаруашылығы); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану; Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару; темір жолдардың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша); Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; Өрт қауіпсіздігі; Электротехника (Радиотехника, электроника және телекоммуникация); Көліктік энергетикалық қондырғыларды пайдалану; Локомотив және Локомотив шаруашылығы. Автоматтандыру және басқару; Ақпараттық жүйелер
Жұмыс тәжірибесі: темір жол көлігінде күзет қызметін ұйымдастыру бойынша қызметте, оның ішінде аға күзетші, күзетші (көмекші), күзетші лауазымдарында кемінде 2 жыл

Қосымша талаптар:

жауапкершілік, атқарушылық

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж