Релейлік қорғау инженері АО "АлЭС" ГЭС Каскад өндірістік департаменті
«Алматы электр станциялары» АҚ Алматы қ.Міндеттері:
-
РЗ құрылғыларын қызмет көрсету жұмыстарын жүргізеді, ақауларды жояды;
НСК-ға қарасты жабдықтардың РЗ параметрлерін есептейді; Жаңа РЗ құрылғыларын енгізу және ескіргендерін жаңарту жұмыстарын жүргізеді, ГЭС Каскадының РЗ құрылғыларының техникалық деңгейін көтеруге қатысады;
Кәсіпорынның перспективалық және жылдық жоспарларын құрастыруға, реконструкция және модернизация, техникалық қайта жарақтандыру шараларын дайындауға қатысады;
РЗ құрылғыларына қатысты жобаларды қарастыруға қатысады, сондай-ақ монтаждау, сынау, баптау және РЗ құрылғыларын пайдалануға қабылдау жұмыстарында жөндеу ұйымдарымен бірге қатысады;
РЗ-ға қатысты нұсқаулықтарды әзірлеу, қайта қарау жұмыстарын жүргізеді;
РЗ жұмысының есебін жүргізеді; РЗ жабдықтары, РЗ схемалары бойынша құжаттаманы жүргізеді, қайта қарау, өзгерістер енгізу жұмыстарын жүргізеді;
РЗ құрылғыларының дұрыс пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
Бекітілген кесте бойынша РЗ тексерулерін жүргізеді;
Запас бөлшектер, құралдар, жабдықтар сатып алу үшін өтінімдер жасайды; РЗ құрылғыларындағы ауыстырып қосу құрылғыларының жағдайын периодты түрде бақылауды жүзеге асырады;
Бұзушылықтарды тергеу, РЗА жұмысының талдауы бойынша комиссиялардың жұмысына қатысады;
Кез келген жұмыстарды орындау кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін қатаң сақтайды; Жабдықтың жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізеді;
ЦАИиС персоналы мен мердігер ұйымдардың жұмыстарын орындау сапасын бақылап, дұрыс рұқсат беруді қамтамасыз етеді; Бекітілген жабдықты эксплуатациялық тексеру және баптау жұмыстарын жүргізеді;
Бекітілген жабдықтың техникалық құжаттамасын жүргізеді;
ПТЭ, ПТБ, ППБ ережелерін орындауды талап етеді және сақтайды;
Бекітілген жабдықтың апаттарын және ақауларын тергеуге қатысады;
РЗ параметрлерін бақылап, есептеулер жүргізеді;
Талаптар:
- Энергетика саласында жоғары білім
- Жұмыс тәжірибесіне талаптарсыз немесе энергетика саласында орта техникалық білім және энергетика ұйымдарында кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі.
- Коммуникабельділік, персоналмен жұмыс ұйымдастыру қабілеті. Цехтың өндірістік-шаруашылық жоспарларын орындау. Қолданыстағы нормалар мен ережелердің сақталуын бақылау.
Шарттар:
- 5/2 жұмыс күні, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы,
- компания есебінен оқыту
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Озат)
- Орыс тілі (Озат)
Ұқсас вакансиялар