"Жолаушылар тасымалы "АҚ"Экспресс" филиалының жабдықтау бөлімінің бастығы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Филиалдың құрылымдық бөлімшелері мен учаскелерінен түсетін қоғамның тиісті қаржы жылына арналған шығыстарының бюджетін қалыптастыру үшін өтінімдерді пысықтау;
- тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;
- Қоғамның қаржы және бюджет қаражатын бақылау департаментіне қоғам жасаған шарттардың талаптарына сәйкес жеткізілген тауарлық-материалдық құндылықтар және көрсетілген жетекшілік ететін қызметтер бойынша ұсынуға арналған өтінімдерді келісу;
- тауарлық-материалдық құндылықтар мен жетекшілік ететін қызметтерді жеткізуге және қоғамды қамтамасыз ету жөніндегі топқа беруге арналған шарттардың орындалуы бойынша есептілікті қалыптастыру;
- қоғамның тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу жоспарына тауарлық-материалдық құндылықтар және жетекшілік ететін көрсетілетін қызметтер бойынша енгізу үшін өтінімдерді қалыптастыру және қоғамның сатып алу жөніндегі тобына беру;
- пайдалануға жарамды заттарды есептен шығаруды болдырмау үшін филиал учаскелерінде тауарлық-материалдық құндылықтарды есептен шығаруға қатысу
- ТМҚ түсуіне қарай тауарлық-материалдық құндылықтармен қамтамасыз ету.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: Экономика; менеджмент; маркетинг; Есеп және аудит; ақпараттық жүйелер; Құқықтану; Қаржы; Көлік, көлік техникасы және технологиялары; логистика және / немесе теміржол тасымалы
- Жұмыс тәжірибесі: темір жол көлігі ұйымдарында кемінде 3 жыл, басшы лауазымында: кемінде 1 жыл
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар