Бақылау-өлшеу құралдары және автоматика жөніндегі слесарь
«Казақтүрікмұнай» ЖШС Ақтөбе қ.Қысқаша лауазымдық сипаттама
Күрделі жылуөлшеуіш, оптико-механикалық, электрдинамикалық, есептеу, автоматтық және басқа да өлшеу құралдарына, автоматты реттеу жүйелерімен, қосындылау механизмдерімен және көрсеткіштерді қашықтықтан беру жүйелерімен жабдықталған аспаптарға жөндеу, реттеу, сынақтан өткізу, юстировка жасау, монтаждау/демонтаждау, іске қосу және пайдалануға тапсыру жұмыстарын жүзеге асырады.
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім мен дағдылар
-
Күрделі бақылау-өлшеуіш аспаптарының құрылымы мен өзара әрекеттесуін, өндірістік технологиялық процестерді білу.
-
Автоматтандыру құрылғыларының принциптік электр, пневмо және функционалды сызбаларын оқи білу.
-
Күрделі бақылау-өлшеу құралдарының тексеру (поверка) әдістері мен құрылымын білу.
-
Қолданылатын аспаптардың блок-сызбаларын, жұмыс принципін, пайдалану ережелерін білу.
-
Аспап көрсеткіштерін технологиялық жабдықтың жұмысымен байланыстыра білу және өлшеу қателігін ескеру.
-
Жабдықты монтаждау, жөндеу әдістері, жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу технологиясын білу.
Лауазым бойынша функционалдық міндеттері
-
Жылуөлшеу, оптико-механикалық, электрдинамикалық, есептеу, автоматтық және басқа да өлшеуіш аспаптарға, автоматты реттеу жүйелері, қосындылау механизмдері және көрсеткіштерді қашықтықтан беру жүйелері орнатылған құралдарға жөндеу, реттеу, юстировка, монтаж/демонтаж, іске қосу және сынақтан өткізу жұмыстарын жүргізеді.
-
Барлық түрдегі физикалық шамаларды өлшеуге арналған электроөлшеуіш құралдардың жарамдылығын тексереді.
-
Автоматтандырылған басқару жүйелерінің және оператордың автоматтандырылған жұмыс орындарының (АЖО) жұмысқа қабілеттілігін тексереді.
-
Аппаратурадағы ақауларды анықтайды және жояды.
-
Өлшеу құралдары мен автоматика жүйелерінің істен шығу себептерін анықтайды және олардың алдын алу шараларын қабылдайды.
-
Технологиялық жабдықты оператормен бірлесе отырып кешенді сынақтан өткізеді.
-
Мұнай, газ және конденсат өндіру шеберінен, мұнай дайындау және тасымалдау шеберінен, компрессорлық қондырғылар шеберінен, КИПиА инженері (аға, жетекші, І санатты) берген тапсырмаларды және бекітілген жұмыс жоспарын орындап отырады.
-
Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматикаға арналған жоспарлы-ескерту жөндеу (ЖЕЖ) кестесін орындайды.
-
Жабдық жұмысы бойынша есеп дайындайды және ЖЕЖ графигін әзірлеу үшін бастапқы мәліметтерді ұсынады.
-
Өлшеу құралдарын тексеру (поверка) және аттестаттау бойынша техникалық қолдауға қатысады.
-
Аспаптардағы ақауларды анықтайды, қажет болған жағдайда зертханалық аспаптарды дайындауға қатысады.
-
Электрлік аспаптардың өлшеу шектерін қайта есептеуді жүзеге асырады.
-
Жылулық және электрлік бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматты реттеуіштерді дәлдік класына (квалитет) сәйкес реттейді және тексереді.
-
Өз қызметінде келесі қағидаларды ұстанады:
-
Қазақстан Республикасының энергия тиімділігін арттыру саласындағы заңнамасын бұлжытпай орындау;
-
Энергоэффективтілігі жоғары және сенімді жабдықтарды пайдалану;
-
Барлық деңгейдегі персоналдың энергоменеджмент және энергия үнемдеу саласындағы біліктілігін арттыру;
-
Энергетикалық ресурстарды үнемдеу бойынша іс-шараларды, жаңа технологиялар мен инновацияларды енгізу арқылы энергия тиімділігін арттыру.
-
Қолданыстағы техникалық талаптар мен нұсқаулықтарға сәйкес ағымдағы және жоспарлы-ескерту жөндеу жұмыстарын орындайды.
-
Жабдықтың, механизмдер мен құралдардың техникалық жағдайының техникалық пайдалану ережелеріне сәйкестігін қамтамасыз етеді.
-
Жабдыққа жүргізілетін жөндеу және сынақ жұмыстарының уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді, анықталған кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылдайды.
-
Күрделі және қауіпті жөндеу жұмыстарына қатысады.
-
Жабдыққа, материалдарға және құралдарға өтінім дайындауға қатысады.
-
Тікелей басшысы берген өз құзыреті шегіндегі басқа жұмыстарды орындайды.
-
Ақаулы жабдықпен немесе жарамсыз құралдармен жұмыс істеуге жол бермейді.
-
Еңбек қорғау қызметіне және цех басшылығына жазатайым жағдай, өрт немесе апат фактісі туралы дереу хабарлайды.
-
Еңбек қауіпсіздігі, өндірістік және экологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтайды.
-
Мақсатты қауіпсіздік нұсқамасынан өткеннен кейін ғана басқа жұмыстарға кіріседі.
-
Жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын дұрыс қолданады және оларсыз жұмыс бастамайды.
-
Өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдай туралы дереу басшысына хабарлайды.
-
Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматикаға арналған жөндеу графигін әзірлеуге қатысады және оның орындалуын қамтамасыз етеді.
-
Ауысымды қабылдау және тапсыру тәртібіне сәйкес жабдықты қарап шығады, оның жағдайымен танысады, ақаулықтарды журналға енгізеді және ауысым қызметкеріне ауызша хабарлайды.
-
Белгіленген тізімге сәйкес электрқондырғыларда ағымдағы пайдалану жұмыстарын орындайды.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж
Ұқсас вакансиялар