Қауіпсіздік Департаментінің жетекші менеджері

«Инкай» БК» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
43

Қаралған саны:
284

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

• Серіктестік объектілерінің күзеті мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету; • күзет қызметтерін жеткізушінің (бұдан әрі - мердігерлік күзет ұйымы) қызметкерлерінің Серіктестіктің тауарлық-материалдық құндылықтарының сақталуын және кеңсенің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді орындауын бақылау; • ішкі тергеулерді жүргізуге қатысу, қорытындылары мен ұсынымдары бар есепке материалдарды дайындау; • объектілердің мердігерлік күзет ұйымы және Серіктестік офисі жұмыскерлерінің келісімшарттық міндеттемелерді орындауын мониторингтеу; • интеграцияланған қауіпсіздік жүйелерінің жай-күйі мен үздіксіз жұмыс істеуін қадағалау: бейнебақылау, периметралдық сигнал беру жүйесі және ҚББЖ; • қауіпсіздіктің барлық жүйелерінің және физикалық қорғаудың инженерлік-техникалық құралдарының жұмыс істеуін және жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету, оларға техникалық қызмет көрсету, баптау, қауіпсіздік жүйелері жабдықтарының жұмысындағы ақауларды жою; • қауіпсіздік жүйелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі мердігерлік күзет ұйымымен өзара іс-қимыл жасау, техникалық қызмет көрсету жөніндегі, сондай-ақ қауіпсіздік жүйелерінің жекелеген элементтерін монтаждау/ ауыстыру жөніндегі жұмыстарды жоспарлау; • физикалық қорғауды, инженерлік-техникалық нығайтуды қамтамасыз ету саласындағы "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ қолданыстағы стандарттарына сәйкес келетін деңгейде инженерлік-техникалық нығайту кешенді қауіпсіздік жүйелері мен құралдарының жай-күйін қолдау; • Серіктестіктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша талаптарды бұзудың нақты фактілері бойынша бастапқы тексеру іс-шараларын ұйымдастыру; • Серіктестіктің басшы құрамынан бекітілген үлгідегі рұқсат болған жағдайда жұмыс берушінің актілеріне және ішкі құжаттарға сәйкес Серіктестік аумағына келушілердің кіруін ұйымдастыру; • мердігерлік күзет ұйымы жұмыскерлерінің дайындық деңгейін бақылау, олардың тиісті бекетте кезекшілік атқару жөніндегі нұсқаулықтардың негізгі ережелерін, сондай-ақ мінез-құлық, Серіктестік қызметкерлерімен және бөгде адамдармен қарым-қатынас нормалары мен этикасын білуі; • тікелей басшының нұсқауы бойынша Серіктестік басшылығы үшін есептер мен жоспарлар дайындау; • басшылықты Серіктестіктің саясаттары мен рәсімдерінің, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының бұзылуы туралы уақтылы хабардар ету, осындай жағдайлар бойынша тікелей басшыға және /немесе келесі деңгейдегі басшыға бастапқы ақпараттық хабарламаларды дайындау және ұсыну; • мемлекеттік қадағалау және бақылау органдары өкілдерінің қауіпсіздік жай-күйіне тексерулер мен зерттеулер жүргізу кезінде жәрдем көрсету; • мердігер ұйымдар қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Серіктестіктің рәсімдері мен саясатының сақталуын бақылау; • күндізгі немесе түнгі уақытта объектіні күзетуді жүзеге асыратын мердігерлік күзет ұйымының бекеттерін мерзімді бақылау тексерулерін ұйымдастыру; • қауіпсіздіктің интеграцияланған жүйелерін жетілдіру, Серіктестіктің тауарлық-материалдық құндылықтары мен шығарылатын дайын өнімін сақтау бойынша ұсынымдар енгізу; • тоқсан сайын уран өнімін есепке алу және физикалық қорғаудың белгіленген нормаларының сақталуын тексеруге, мердігерлік күзет ұйымдарының функцияларын орындау сапасын бағалауға қатысу.

Білім:

• Жоғары (заңгерлік немесе техникалық) білімі

Дағдылар:

• Қазақстан Республикасының орындалатын жұмыс мәселелері бойынша заңнамасы, нормативтік құқықтық актілері; • Орындалатын жұмыстың тиісті мәселелеріне қатысты әдістемелік материалдар; • Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздері; • Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау қағидаларының негіздері; • Қауіпсіздік техникасының және еңбекті қорғаудың, өндірістік санитарияның және өрттен қорғаудың ережелері мен нормалары; • Азаматтық қорғаныс, өндірістік және радиациялық қауіпсіздік салаларындағы ережелері мен нормалары;

Қосымша:

• Жүргізуші куәлігі; • Серіктестігінде құпия ақпараттың маңыздылығын түсіну; • Жұмыскерлерді басқару дағдылары; • Жағдайды талдай білу және дереу шешім қабылдау; • Командада жұмыс істей білу. • Кәсіби сертификаттаудың болуы-мүмкіндігінше;

Білетін тілдер:

Ағылшын тілін білу-бастапқы деңгей