"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі" филиалының Абай теміржол станциясының бастығы

288296 - 296778
Кызылординское отделение магистральной сети Абай а.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
13

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Станция қызметкерлерімен кезекшілікке кірер алдында планерлік кеңестер, нұсқамалар өткізеді, телеграфтық нұсқаулармен, Компания бұйрықтарымен танысу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.
  • Поездар қозғалысымен байланысты жұмыскерлерді заңнамалық және жергілікті актілердің теориялық және практикалық білімдері, станция жұмыскерлерінің лауазымдық нұсқаулықтар, ТБА, Поездарды қабылдау, жөнелту және өткізу, маневрлік жұмыстар өндірісін ұйымдастыру бойынша технологиялық процесс талаптарын орындауы тұрғысынан тексеруді жүргізеді.
  • Станция қызметкерлерінің поезд және техникалық құжаттаманы, оның ішінде нысанды журналдарды, нысанды бланкілерді және СОБ құрылғыларының жұмысы бұзылған кезде поездар қозғалысын ұйымдастыру үшін қажетті жазбаша хабарламаларды жүргізуінің дұрыстығын тексереді.
  • Станция қызметкерлері, локомотив машинистері және поезд диспетчерлері арасында поездарды қабылдау, жөнелту және маневрлер жүргізу кезінде радиобайланыс бойынша келіссөздердің белгіленген регламентінің жүргізілуін бақылайды, жетіспеушілік анықталған кезде жұмысты ұйымдастырады және оларды жою бойынша шаралар қабылдай отырып, вагондарды бекітуге арналған тежегіш табандықтар мен құрылғылардың болуын және жарамдылығын тексеру бойынша жауапты болады.
  • Жалпы басшылықты жүзеге асырады, станция жұмысын үйлестіреді, еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі және өндірістік жарақаттануды тудыратын себептерді жоя отырып, өндірістік жарақаттанудың алдын алу жөніндегі іс-шаралар талаптарының орындалуын бақылайды, қызметкерлердің еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария, өртке қарсы қауіпсіздік және электр қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды, Серіктестік, Компания бұйрықтарын сақтауын қамтамасыз етеді.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) немесе орта (техникалық және кәсіптік)
  • Мамандығы: Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару
  • Жұмыс тәжірибесі: жоғары білім кезінде: кемінде 3 жыл, оның ішінде 4,5 сыныпты станция бойынша кезекші лауазымында кемінде 2 жыл/орта (техникалық және кәсіптік) білім кезінде: кемінде 5 жыл, оның ішінде 4,5 сыныпты станция бойынша кезекші лауазымында кемінде 3 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Колледж