«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Северный» жолаушылар тасымалы аймақтық филиалының еңбек және жалақы секторының меңгерушісі

от 472862
Региональный филиал по пассажирским перевозкам "Северный" Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
34

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Бөлінген қаражаттың пайдаланылуына, еңбекақы қорының пайдаланылуына, жұмыскерлер штатын ұстауға бақылау жүргізу
  • көлеміне сәйкес;
  • "Жолаушылар тасымалы" АҚ - мен жалақыға өтінімге құжаттарды дайындау және пысықтау;
  • ай сайын және тоқсан сайын еңбек бойынша есептер мен талдаулар жасау;
  • филиал бойынша еңбек жоспарының жобаларын, әлеуметтік сипаттағы жалпы шаруашылық шығыстар жоспарының жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
  • бекітілген салалық Сан нормативтеріне сәйкес функционалдық міндеттері бойынша жұмыскерлер санын айқындауды ұйымдастыру, нормативтен тыс сандарды жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
  • ұтымды жұмыс режимдерін, ауысым кестелерін әзірлеуге қатысу;
  • Қоғам филиалдарының жұмысшыларына еңбекақы төлеу жөніндегі бекітілген тарифтік торға сәйкес филиал қызметкерлеріне разрядтардың, біліктіліктердің, сағаттық тарифтік ставкалардың, лауазымдық айлықақылардың дұрыс берілуін бақылау.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Құқықтану; Әлеуметтік жұмыс; Экономика; Менеджмент; Қаржы; мемлекеттік және жергілікті басқару; Психология; еңбекті ұйымдастыру және нормалау; әлеуметтану; саясаттану; персоналды басқару және / немесе теміржол мамандықтары
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 3 жыл жұмыс, басшылық лауазымдарда қызмет бейіні бойынша кемінде 1 жыл жұмыс істеу.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр