"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС "ЖТ Атырау бөлімшесі" (НОД-13) филиалының Мақат пайдалану локомотив депосының (ТЧЭ-4) ТО-2 циклімен локомотивтерге техникалық қызмет көрсету цехының ауысым шебері

397661 - 413837
ТЧЭ-4 МАКАТСКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ЛОКОМОТИВНОЕ ДЕПО 1 группа Атырау облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
15

Қаралған саны:
313

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Еңбек қауіпсзідігі мен еңбекті қорғау,өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптарының жұмыс орындара сақталуын қамтамасыз етеді;
  • техникалық сабақтардың жоспарын жасайды және ТҚК-2 цикылының технологиялық процесі байынша техникалық сабақ өткізеді;
  • интеграцияланған менеджмент жүйесін жетілдру бойынша жұмыстарды жүргізеді,ТҚК-2 циклының технологиялық процесі аясында;
  • пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында локомотивтердің ТО-2 циклы бойынша уақытылы әрі сапалы өтуін қамтамасыз етеді;
  • ТО-2 цехінің ақаумен кірген локомотивтердің уақтылы жөнделуін ұйымдастырады;
  • ТО-2 циклының технологиялық процесі бойынша техникалық сабақтар өткізеді;
  • күзгі және көктемгі комиссиялық тексерулерді өткізу кезінде комиссия жұмысына қатысады,локомотивтерді жазғы және қысқы кезендерде жұмысқа дайындай бойынша жұмыстарға қатысады;
  • кезекші нұсқаушымен бірлесіп жолаушылар тасмалына арналған локомотивтерді тексеру және сапалы қызмет көрсетуді жүзеге асырады;
  • ЖЖМ (жанар-жағармай материалды),ТМҚ бойынша айлық және жылдық есептердің дұрыстығын жауапты;
  • локомотив ТО-2 цехына техникалық қызмет көрсетуге және дизель отыны мен мамен жабдықтауға кірген кезде,жабдықтау барысында олардың ұрлануына жол бермейді;
  • пайдаланудан шығарылған локомотивтердің механикалық және электрлік бөліктерінің тораптары мен бөлшектерінің сақталуына жауап береді (КДХ,РУД,ВРЛ қызмет ету мерзімі өткенде).
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялар (локомотивтер және локомотив шаруашылығы)
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 3 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Бастапқы)