«KTZ Express» АҚ - «KTZE Commerce» филиалы Алтынкөл агенттік пунктінің (ҚХР Жетісу облысы) жетекші инженері

от 435291
филиал АО «KTZ Express» - «KTZE Commerce» Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
323

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Кедендік рәсімдеуді жүзеге асыратын кеден органдарының бөлімшелерімен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
    Қазақстан Республикасының кеден заңнамасы шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде кедендік операциялардың орындалуын қамтамасыз ету:
- қажеттілік болған жағдайда Қоғамның атына кез келген көлік түрімен келетін тауарларды (жүктерді) қарсы алады;
- сенімхат негізінде тауарға ілеспе құжаттардың түпнұсқаларын алады;
- уақытша сақтау қоймасына (УСҚ) жеткізуді және тіркеуді ұйымдастырады;
- есептік құжаттарды рәсімдейді;
- Қоғам атынан кеден органдарына құжаттарды ұсынады;
- кедендік рәсімдеу кезеңдерін бақылап отырады;
  • Кеден органдарына кедендік шекара арқылы өткізу пункттерінде кедендік операцияларды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар мен мәліметтердің толық көлемде ұсынылуын қамтамасыз ету;
  • Кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарлар бойынша тауар декларациясын (ТД), транзиттік декларацияны (ТрД), кедендік құн декларациясын (КҚД) және қажет болған жағдайда декларацияны түзету (КТД) жұмыстарын орындап, оларды кедендік рәсімдеу үшін кеден органдарына одан әрі ұсыну мақсатында дайындау;
  • Мемлекеттік кірістер органдарының бөлімшелерімен құжат айналымын (коммерциялық құжаттардың көшірмелерін дайындау, атап айтқанда шот-фактуралар (инвойстар), спецификациялар, жөнелту және орау парақтары, сондай-ақ тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде пайдаланылатын өзге де құжаттар, үлгілерді іріктеу актілері, есептік құжаттар және т.б.) жүзеге асыру.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
  • Мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты және көлік құралдарын пайдалануды ұйымдастыру (теміржол көлігі); Теміржол көлігіндегі жүк және коммерциялық жұмыс; Теміржол көлігіндегі көліктік логистика;
  • Жұмыс тәжірибесә: қызмет бейіні бойынша кемінде 1 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр