Негізгі депо кезекшісі

385970 - 399543
ТЧЭ-24 СЕМЕЙСКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ЛОКОМОТИВНОЕ ДЕПО Семей қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
208

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

1. Ауысым басталар алдында ауысымдағы барлық қызметкерлерді алдағы жұмыс жоспарымен таныстыру, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі мәселелері бойынша нұсқама жүргізу; 
2. Локомотивтерді шығарудың алдында жеке өзі немесе ауысым қызметкерлері арқылы олардың жарамдылығына, сондай - ақ құрал-саймандардың, сигналдық жабдықтардың, жарық беру аспаптарының, АЛСН мен радиобайланыстың, өртке қарсы мүліктің бар-жоғына және жарамды күйіне, отынмен, салқындатқыш сұйықтықпен, құммен, маймен, тежегіш башмактарымен толық жабдықталуына көз жеткізу және локомотивтің техникалық жай-күйі туралы ТУ-152 нысанды журналда көрсетілген ескертулердің жойылуын қамтамасыз ету. ТУ-152 журналын жүргізуде немқұрайдылық, дұрыс толтырмау немесе сақталмау фактілері анықталған әрбір жағдайда кінәлілерге қатысты нақты шаралар қолдану.
3. Локомотивтер депо жолдарында тұрған кезеңде оларды депода белгіленген тәртіпке сәйкес сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету.
4. Қыс мезгілінде тоңуға және кедергісін жоғалтуға ұшырауы мүмкін локомотив жабдықтары депода белгіленген тәртіппен жылытылуға қойылуы тиіс.;
5. Локомотивтерді белгіленген мерзімде қатаң түрде жабдықтауды қамтамасыз ету, жанармаймен, маймен және салқындатқыш сумен нормадан тыс немесе рұқсатсыз құюға жол бермеу.
6. Поездық және маневрлік-шаруашылық жұмыстарды локомотивтерді пайдалану кестесінің дәл сақталуын қамтамасыз ету, локомотивтерді пайдалану жөнінде бір-біріне ай сайын тапсырып отыру және әр ауысым - тәуліктік есепті депо батсығына немесе пайдалану жөніндегі оның орынбасарына ұсыну, пайдалануда тұрған әрбір локомотив бойынша есеп беру.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), орта )техникалық және кәсіптік)
  • Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары (локомотивтер және локомотив шаруашылығы); Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану (теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және басқару); Теміржол жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша)
  • Жұмыс өтілі: локомотив машинисі болып кемінде 2 жыл, локомотив машинисі болып кемінде 3 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж