Заң бөлімінің бас маманы
"QAZAQGAZ AIMAQ" АҚ Шымкент өндірістік филиалы Шымкент қ.3.1.1. Газ тұтынушылары мен «QGA» АҚ ШӨФ арасындағы шаруашылық даулы мәселелерді сотқа дейінгі тәртіппен реттеу бойынша жұмысты заң тұрғысынан сүйемелдеу.
3.1.2. Заң бөлімі бастығының тапсырмасы бойынша «QGA» АҚ ШӨФ құрылымдық бөлімшелері ұсынған қажетті құжаттардың толық пакеті негізінде «QGA» АҚ және «QGA» АҚ ШӨФ контрагенттерімен келіспеушіліктер мен даулы мәселелерді сотқа дейінгі реттеу шараларын қабылдау; кінә қою (претензия) талаптары негізделетін материалдар мен кінә қою хаттарын дайындау, контрагенттерге кінә қою хаттарын жолдау, контрагенттерден түскен кінә қою хаттарын қарастыру, кінә қою талаптарына тексеру жүргізу.
3.1.3. Тұтынылған газ үшін берешекті (келісімшарттық міндеттемелерді бұзу) және «QazaqGaz Aimaq» АҚ мүдделеріне келтірілген материалдық залалды, атап айтқанда, газ құбырларындағы апаттарға байланысты мәселелер бойынша сот арқылы мәжбүрлі түрде өндіріп алу үшін соттарға талап арыздар (өтінішхаттар) дайындау.
3.1.4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарда, апелляциялық және кассациялық сатыларда «QazaqGaz Aimaq» АҚ мүдделерін білдіру (сотқа қатысу, сот шешімдеріне, қаулыларына, ұйғарымдарына және т.б. шағым жасау). Қажет болған жағдайда, бірінші сатыдағы соттардың шешімдеріне апелляциялық және кассациялық шағымдар дайындау.
3.1.5. Бөлімнің заңгерлік қызметтерді (нотариалдық) сатып алу, «Лицензиялар, рұқсаттар, өзге де алымдар және т.б.» (Мүлікті тіркеу), «Параграф» АЖ, «Мүлікті сақтандыру» бойынша бюджетін қалыптастыруға қатысу, заң бөлімінің бюджет бойынша бастапқы деректерін «1С-8 Бухгалтерия: Консолидация», «Закупки 2.0» жүйелеріне енгізу, жиынтық іс номенклатурасына сәйкес бөлім құжаттарын мұрағаттық сақтауды ұйымдастыру.
3.1.6. Қазақстан Республикасында қолданылатын құқықтық ақпараттар кешені, соның ішінде нормативтік-құқықтық актілер мен нормативтік-техникалық құжаттар енетін «Параграф» ақпараттық жүйесінің электрондық базасымен жұмысты ұйымдастыру.
3.1.7. Сот шешімдеріне мониторинг жүргізу (сот талап арыздары мен шешімдерінің тізілімін электронды түрде жүргізу), соттың заңды күшіне енген шешімдерінің орындалуын бақылау бойынша жұмыс жүргізу. Сот актілері орындалмаған жағдайда Шымкент қаласының Әділет департаментіне, Шымкент қаласының прокурорына хаттар дайындау.
3.1.8. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген мерзімдерге және «QazaqGaz Aimaq» АҚ-ның осы мәселе бойынша ережесіне (нұсқаулығына) сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жазбаша жауаптар дайындау.
3.1.9. «QazaqGaz Aimaq» АҚ Заң департаментіне ұсыну үшін «QGA» АҚ ШӨФ заң бөлімінің атқарған жұмыстары мен іс-шаралар кешені туралы, соның ішінде кінә қою-талап арыз жұмыстары туралы тоқсан сайын есептер дайындау.
Талаптары:
Жоғары кәсіптік (заңгерлік) білім және мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілінің болуы.
Шарттары:
Еңбек шарты негізінде
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар