"ҚТЖ" ҰК "АҚ - "Әкімшілік басқару" филиалының «Ангар» өндірістік учаскесінің бас менеджері (16 грейд)
- Құрылған күні:
-
29.12.2025
- Берілген өтінім:
- 19
- Қаралған саны:
- 223
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- "Ангар" өндірістік учаскесінің қызметтік вагондарының, вагондарды жылжымалы құрамнан ағытып алу және оларды жылжымалы құрамға тіркеу жөніндегі жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
- компанияның және ОА жергілікті актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының ішінде және одан тыс жерлерде Магистральдық желі арқылы теміржол көлігінде аса маңызды тасымалдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша тұрақты негізде қатысады;
- "Ангар" өндірістік учаскесінің өндірістік персоналының жұмысын үйлестіреді;
- теміржол көлігімен жүріп-тұру кезінде күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша уәкілетті органдармен Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасымен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметімен және Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
- Қазақстан Республикасының аумағы бойынша арнайы тасымалдарды дайындауды ұйымдастырады, Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша қызметтік вагондарды, жолаушылар және жүк поездарына, сондай-ақ жекелеген локомотивтерге тіркемелерді ауыстыру мәселелерін үйлестіреді
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі), Вагондар және вагон шаруашылығы
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 4 жыл, оның ішінде қызмет бейіні бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар