Экономика және тарифты құру бөлімінің бас маманы
"QAZAQGAZ AIMAQ" АҚ Шымкент өндірістік филиалы Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- 3.1.1 Нарықтық конъюнктураны ескере отырып, тауарлық газды тасымалдау және өткізу бойынша жабдықтау үстемеақысы қызметтеріне арналған бағалардың (тарифтердің) және тарифтік сметалардың жобаларын әзірлеу, тарифтік смета баптары бойынша оларды растайтын және негіздейтін есептеулер мен материалдарды дайындау.
- 3.1.2 Тауарлық газды тасымалдау бойынша тарифтік сметаны және тауарлық газды өткізу бойынша жабдықтау үстемеақысын орындау туралы есептерді құрастыру.
- 3.1.3 Тұтынушыларға тауарлық газды тасымалдау және жеткізу шарттарын қолданыстағы бағалар (тарифтер) бөлігінде тексеру.
- 3.1.4 Алдағы кезеңге (1 жылға) белгіленген нысан бойынша филиал бюджетін қалыптастыру, оған есептеулер мен растаушы құжаттарды, сондай-ақ бюджетті түзетуге арналған есептеулер мен растаушы құжаттарды дайындау.
- 3.1.5 Филиал бюджетін түзету үшін бастапқы деректерді дайындау, оған есептеулер мен растаушы құжаттарды дайындау.
- 3.1.6 Бекітілген бюджет параметрлерін филиалдың құрылымдық бөлімшелеріне жолдау.
- 3.1.7 Филиалдың өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметінің нәтижелеріне экономикалық талдау жасау, «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ-на бюджеттің орындалуы, оның ішінде еңбекақы төлеу қоры (ЕОҚ) бойынша және басқа да сұратылған ақпараттар бойынша мерзімді есептілікті дайындау, бюджетті түзету бойынша ұсыныстар әзірлеу.
- 3.1.8 Филиалдың тауарлық газды тасымалдау және өткізу бойынша инвестициялық бағдарламаларының жобаларын қалыптастыру, оларға растайтын және негіздейтін есептеулер мен материалдарды дайындау.
- 3.1.9 Филиалдың тауарлық газды тасымалдау және өткізу бойынша инвестициялық бағдарламаларының орындалуы туралы есептерді дайындау, оларға растайтын және негіздейтін есептеулер мен материалдарды дайындау.
- 3.1.10 Шығындардың техникалық және технологиялық нормаларын, персоналдың нормативтік санын есептеуді дайындау.
- 3.1.11 Регламенттен тыс есептеулермен байланысты жұмыстарды орындау, түрлі экономикалық негіздемелерді, анықтамаларды, шолуларды құрастыру.
- 3.1.12 Жоспарлау және есепке алу құжаттамасын жетілдіруге қатысу.
- 3.1.13 Орындалатын жұмысқа қатысты арнайы әдебиеттерді зерделеу.
- 3.1.14 Компанияның стратегиялық басқару жүйесін және теңгерімді көрсеткіштер жүйесін әзірлеу жөніндегі жобалары мен жоспарларына қатысу.
- 3.1.15 Кіріс және шығыс құжаттардың, бұйрықтардың, өкімдердің, қызметтік жазбалардың мазмұны мен орындалуын бақылауды жүзеге асыру.
Талаптар:
- Жалпы жоғары экономикалық білім және экономист лауазымында немесе жоғары кәсіби білімі бар мамандармен алмастырылатын басқа да маман лауазымдарында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.
Шарттары:
- Еңбек шарты негізінде.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар
Газ учаскесінің бақылаушысы
"QAZAQGAZ AIMAQ" АҚ Шымкент өндірістік филиалы | Еңбекпен толық қамтылу
| Шымкент қ.
06.01.2026 | 12569
Заң бөлімінің бас маманы
"QAZAQGAZ AIMAQ" АҚ Шымкент өндірістік филиалы | Еңбекпен толық қамтылу
| Шымкент қ.
31.12.2025 | 432
Сервистік қызметінің бас маманы (негізгі қызметкердің жұмыста уақытша болмаған мерзімге)
"QAZAQGAZ AIMAQ" АҚ Шымкент өндірістік филиалы | Еңбекпен толық қамтылу
| Шымкент қ.
25.12.2025 | 2922