Өндірістік техникалық қызметтің инженер химигі

"Шымкент" магистральдық газ құбырлыры басқармасы филиалы Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
8

Қаралған саны:
149

   Конкурс туралы

Міндеттер:

Сапаны бақылау, табиғи газды, пайдалану майларын және бақылаудың басқа да объектілерін сынақтан өткізу процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік және ұйымдастырушылық-техникалық қолдау көрсетеді, өлшемдер жай-күйін бағалау туралы куәлікке сәйкес және Филиалдың химиялық зертханаларының жұмысын үйлестіреді.

Қоғамның Орталық аппаратының (ҚА) талабы бойынша Филиал басшылығымен келісу арқылы жедел, талдамалық, техникалық және өзге де қажетті ақпаратты ұсынады.

Прекурсорларды сатып алу, сақтау және пайдалануымен байланысты қызмет бойынша рұқсат беру құжаттарын жинауды және ресімдеуді жүзеге асырады. Прекурсорларды сақтау және пайдалану қызметі бойынша жиынтық есепті қалыптастырады.

Жаңа енгізілетін зертханалық жабдықтар бойынша жобалық шешімдер мен техникалық құжаттаманы нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексеруді және келісуді жүргізеді, монтаждау, ретке келтіру және сынақтан өткізу жұмыстарын қабылдауды және бақылауды жүзеге асырады.

Өз күшімен және мердігер ұйымдармен орындалатын ағымдағы жөндеу, күрделі жөндеу (КЖ), диагностикалық жұмыстардың сапасына техникалық бақылау жүргізеді. КЖ жүргізілгеннен кейін технологиялық жабдықты пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссияның жұмысына қатысады.

Газ өлшеу станцияларында (ГӨС) және ГӨС-тің химиялық-талдамалық зертханаларында өлшеулердің дұрыстығын тексеру мақсатында көшпелі тексерулер жүргізеді, тасымалданатын газдың есебі мен сапасын бақылау жөніндегі ақпаратқа жедел талдау жасайды. Мүдделі тараптармен бірлесіп газ көлемдерін өлшеудің дұрыстығы мен газ сапасын бақылау бойынша тексерулерге қатысады.


Талаптар:

Білімі:

  • тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;

  • тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік орта білім (арнаулы орта, орта кәсіптік).

Еңбек өтілі: кемінде 1 жыл.