Өндірістік техникалық қызметтің метрология жөніндегі инженер
"Шымкент" магистральдық газ құбырлыры басқармасы филиалы Шымкент қ.Міндеттер:
Филиалдың құрылымдық бөлімшелерінде өлшемдердің біртұтастығын, дұрыстығын және дәлдігін қамтамасыз ету бойынша метрологиялық бақылауды жүзеге асырады, оларды қамтамасыз етуге бағытталған техникалық және ұйымдастырушылық іс-шаралар кешенін жүргізеді, филиалдың құрылымдық бөлімшелерінің метрологиялық қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асырады, Қоғам стандарттарына, ҚР НҚА талаптарына, сондай-ақ техникалық және өрт қауіпсіздігі, өнеркәсіптік санитария және қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкес жұмыс көлемінің орындалуын қамтамасыз етеді.
Өлшеу құралдарының жай-күйін бақылауды жүзеге асырады, олардың тексерілуін, калибрленуін және жөнделуін ұйымдастырады. Өлшеулерді орындаудың аттестатталған әдістемелеріне және эталондарға сәйкестігін бақылайды. Белгіленген стандарттарға сәйкес сынақтан немесе метрологиялық аттестациядан өтпеген өлшеу құралдарын қолдануға жол бермейді.
Филиалдың өлшеу құралдарын тексеру және калибрлеу кестелеріне сәйкес метрологиялық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылайды.
Өлшеу құралдарының (ӨҚ) тексеруден өту нәтижелеріне мониторинг және талдау жүргізеді, қажет болған жағдайда тексеруаралық интервалдарды нақтылау бойынша ұсыныстар енгізеді. Пайдаланудағы өлшеу құралдарының тексеру сертификаттарының сақталуын, сондай-ақ өлшеу құралдарын есептен шығару, сақтау, консервациялау және оларды индикаторлар санатына ауыстыру тәртібін айқындайтын талаптардың орындалуын бақылайды.
Талаптар:
Білімі:
-
тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;
-
тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік орта білім (арнаулы орта, орта кәсіптік).
Еңбек өтілі: кемінде 1 жыл.
Ұқсас вакансиялар