Пойыздарды қабылдаушы Станция Макат внеклассная НОД-13 (Атырауское отделение ГП) ТОО «КТЖ-Грузовые перевозки»
- Құрылған күні:
-
05.01.2026
- Берілген өтінім:
- 12
- Қаралған саны:
- 107
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
Бекітілген жоспарға сәйкес, жұмыс уақытынан тыс уақытта техникалық оқуға қатысу Кезекшілікке кіріспес бұрын тапсырушы ауысымнан журналдардағы жазбалармен кезекшілік қабылдауға, жұмыс жоспарымен танысуға, жұмыс орны мен орындаушылардың жалпы жай-күйін, жұмысқа дайындығын, жабдықтардың, құрылғылардың және т.б. жарамдылығын және арнайы киіммен қамтамасыз етілуін тексеруге тиіс. Коммерциялық ақауларды жою үшін қажетті құралдардың және материалдың қажетті азаймайтын қорының болуын және басшылық материалдардың болуын тексеру, ПКО-ға қатысты барлық келіп түскен өкімдермен, өзгерістермен, жеделхаттармен танысу; Коммерциялық ақауларды анықтау және жою үшін станцияға келетін барлық тиелген және бос вагондарды коммерциялық тұрғыдан қарауды жүргізу, қозғалыстың қауіпсіздігіне және тасымалданатын жүктердің сақталуына қатер төндіретін; ОПС, НГ Қозғалыс қауіпсіздігіне және тасымалданатын жүктердің сақталуына қатер төндіретін коммерциялық ақаулары бар вагондар анықталған кезде ГУ-23 жалпы нысанындағы актіні жасайды және тапсырушы және қабылдаушы теміржолдардың қызметкерлері қол қояды; Әрбір поезды коммерциялық тұрғыдан қарау нәтижелері жүк қызметі үшін коммерциялық және техникалық ақаулар бойынша ажыратылған вагондар бойынша есепті ресімдейді және ГУ-98 нысанындағы "құрамдарды коммерциялық тексеру пункттеріндегі коммерциялық ақауларды тіркеу кітабына" тіркейді және қарап тексеруді жүргізген қызметкерлердің қолымен куәландырады; Люктердің, вагондардың есіктері мен шанақтарының жай-күйін, жүктердің ашық жылжымалы құрамда орналасуы мен бекітілуін, пломбалау құрылғыларының, пломбалар мен бұрамалардың болуын тексереді; Пойыз құрамында цистерналардан қауіпті жүктердің ағуы анықталған кезде станция бойынша кезекшіге дереу хабарлау қажет Ашық жылжымалы құрамды қарау кезінде вагонның тиелуі нормативтік құжаттарға және жүктерді тиеудің техникалық шарттарына сәйкес тексеріледі, жалпы нысандағы актілердің жасалу сапасын және Гу-98 нысанындағы коммерциялық ақауларды тіркеу кітабын тексереді, БҚКО, ВОХР, ЛОВД және вагон қызметкерлерінің қолтаңбаларының болуын тексереді;Қажетті білім дәрежесі
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж