«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Маңғыстау ЖТ бөлімшесі» филиалы Маңғыстау пайдалану локомотив депосының бухгалтерлік есеп бөлімі бастығының орынбасары
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Локомотив депосының Қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебін ұйымдастыруды, материалдық және қаржы ресурстарының үнемді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру, бухгалтерлік есеп шоттарында барлық жүзеге асырылған шаруашылық операциялардың көрсетілуін бақылауды қамтамасыз ету;
- мүлікті, міндеттемелерді және шаруашылық операцияларды, келіп түсетін негізгі құралдарды, тауарлық-материалдық құндылықтарды есепке алуды, олардың қозғалысына байланысты операцияларды бухгалтерлік есеп шоттарында уақтылы көрсетуді, өндіріс пен айналым шығындарын есепке алуды, өнімді өткізуді, жұмыстар мен қызметтерді орындауды, Қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелерін ұйымдастыру;
- бастапқы және бухгалтерлік құжаттарды, есеп айырысулар мен төлем міндеттемелерін ресімдеу, жалақы қорын жұмсау, қызметкерлерге жалақыны дұрыс есептеу және аудару, негізгі құралдарға, тауарлық-материалдық қорларға түгендеу жүргізу, бухгалтерлік есеп пен есептілікті ұйымдастыруды тексеру тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
- қаражаттың кірістері мен шығыстары, бюджетті пайдалану туралы жедел жиынтық есептерді жасауды қамтамасыз ету
- ақшалай қаражаттар мен тауар-материалдық қорлардың жетіспеушілігінің, заңсыз жұмсалуының алдын алу жөнінде шаралар қабылдау;
- шаруашылық ішіндегі резервтерді анықтау, шығындар мен өнімсіз шығыстарды жою мақсатында бухгалтерлік есеп және есептілік деректері бойынша шаруашылық-қаржы қызметіне экономикалық талдау жүргізуге қатысу.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
- Мамандығы: Есеп және аудит, Экономика; Қаржы;
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл жұмыс
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы