Электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету бойынша электромонтер 3 разряд

«QazaqGaz барлау және өндіру» ЖШС Тараз қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
35

   Конкурс туралы

Құрметті үміткер!

Сізді ТОО «Разведка и добыча QazaqGaz» жұмысқа қабылдау процесінде көруге қуаныштымыз.

Біздің компанияға қызығушылық танытқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз.

Сіз мұнда кәсіби өсуіңіз үшін қызықты мүмкіндіктер табасыз деп үміттенеміз және біз сіздің сұрақтарыңызға жауап беруге және осы процестің әр кезеңінде сізге көмектесуге дайынбыз.

Төменде жарияланған вакансиямен таныса аласыз.

Сізбен кездесуді асыға күтеміз және сіз мұнда кәсіби отбасыңызды табасыз деп үміттенеміз!

Міндеттер:

  • Тоқтап қалу, апат немесе басқа да зиян келтіруі мүмкін себептер мен жағдайларды дереу жою шараларын қабылдау, ал егер бұл себептерді өз күштерімен жою мүмкін болмаса, дереу электр жабдықтары шеберіне, энергетик-инженерге немесе басқа лауазымды тұлғаға хабарлау.
  • Ремонттан кейін электр жетектерінің аппараттары мен құралдарын реттеу және тексеру.
  • Жабдықтарды және электр желілерін жаңғыртуға байланысты көлемі аз электр монтаждау жұмыстарын орындау.
  • Жарық және дыбыс сигнализациясы, контроллерлер, басқару посттары, магниттік станциялардың құралдарын жөндеу.
  • Қарапайым қосу схемалары бар қуат және жарық электр қондырғыларын қызмет көрсету. Люминесцентті және жарықдиодты жарықтандыру схемаларын тексеру, монтаждау және жөндеу.
  • Ведомстволық электр станцияларында, трансформаторлық электр подстанцияларында жоғары білікті электромонтерлердің жетекшілігімен жұмыстарды орындау, оларды толық тоқтату.
  • Электр желілерінде трансформаторларды, ажыратқыштарды, разъединительдерді және оларға арналған механизмдерді тексеру, монтаждау және жөндеу жұмыстарын орындау.
  • Қарапайым қосу схемалары бар электр жабдықтарының ақауларын анықтау және жою.
  • Электр аппараттарын жөндеу, электр сымдарының оқшаулауын тексеру (жылу, күйік және механикалық зақымданулар жоқ па), электр сымдарының бекітілуін, жерге қосу желісінің дұрыстығын тексеру; оқшаулаудың кедергісін өлшеу; қажет болған жағдайда электр сымдарының жеке учаскелерін ауыстыру;
  • Барлық электр сымдарын толық қайта монтаждау және істен шыққан электр аппараттарын ауыстыру, қалған электр аппараттарының ағымдағы жөндеу;
  • Жұмсақ және қатты дәнекерлеу.
  • Жұмыс орындарын және бекітілген УКПГ аумақтарын тазалықта және тәртіпте ұстау;
  • Қыс мезгілінде жұмыс алаңдарын және жолдарды қар мен мұздан тазарту;
  • Филиал аумағында болған апаттар мен төтенше жағдайлар туралы өндірістік филиал басшылығына дереу хабарлау;
  • Филиал басшылығы мен тікелей басшының бұйрығымен жүктелген басқа міндеттерді орындау.
  • Ақпараттық қауіпсіздік басқару жүйесі саласындағы Товарищества ішкі құжаттарының талаптарын сақтау және орындау.

Талаптар:

  • Білім: профильді орта-арнайы білім.
  • Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар: талап етілмейді;

Шарттар:

  • Әлеуметтік пакет.

Қажетті қабілеттер

  • * самостоятельность и одновременно умение работать в команде
  • *отвественность и дисциплинированность
  • Готовность к работе вахтовым методом и в условиях производства

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Колледж