Активтерді басқару қызметінің басшысы

«Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
81

Қаралған саны:
2889

   Конкурс туралы

Міндеттері:

Ел экономикасы салаларының макроэкономикалық жағдайын және даму перспективаларын талдауды қамтамасыз етеді, заманауи салалық үрдістер мен жаһандық экономиканың әртүрлі сегменттеріндегі негізгі оқиғаларды зерделейді және құзыреті шеңберінде Қоғамның инвестициялық қызметіне қатысты өзгерістер енгізу бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар дайындайды;

Қоғам жүзеге асырып жатқан инвестициялық жобаларды (инвестициялау сәтінен бастап жобадан шығу сәтіне дейін) инвестициялық және операциялық кезеңдерде мониторингтеу жұмыстарын қамтамасыз етеді, жоспарланған операциялық және қаржылық көрсеткіштердің орындалуын бақылайды, құнды арттыруға, бизнесті оңтайландыруға бағытталған іс-шараларды айқындайды және іске асырады, жобалық компаниялардың даму жоспарларын жетілдіру және түзету, корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді; қажеттілігіне қарай қосымша ресурстарды тартады, жобаларды есептерде талдауды және өзекті бағалауды қамтамасыз етеді, елеулі ауытқулар болған жағдайда жобалық көрсеткіштерді түзетуді бастамалайды;

Жобалардан «шығу» процесіне бақылау жүргізеді, Қоғамның меншікті капиталы бойынша талап етілетін кірістілік деңгейінен жоғары табыстылықты қамтамасыз ету мақсатында жобалар бойынша келісілген сценарийлерді барынша тиімді іске асыруға жауапты болады;

Стратегиялық мақсаттардың орындалуын мониторингтеу және қамтамасыз ету;

Қызметтің серпінді (прорывтық) бағыттарын дамыту;

Халықаралық және/немесе жергілікті стратегиялық серіктестермен өзара іс-қимыл жасау;

Әр түрлі тәуекелдерді айқындайды, бағалайды, алдын ала басқаруды және бақылауды жүзеге асырады, оның ішінде ықтимал қаржылық және имидждік шығындарды барынша азайту мақсатында тәуекелдерді жою бойынша шараларды әзірлеуді қамтамасыз етеді.


Талаптар:

Бейінді салалар бойынша жоғары білім: қаржы / экономика / бухгалтерлік есеп және аудит / менеджмент немесе менеджмент, стратегия, қаржы, корпоративтік басқару салаларында расталған жұмыс тәжірибесі бар техникалық немесе заңгерлік білім;

Халықаралық аккредитациясы бар бағдарлама бойынша бейінді салада магистр дәрежесінің немесе MSc/MA/MBA/EMBA дәрежесінің болуы құпталады;

Қаржы саласындағы халықаралық сертификаттаудан өту барысындағы ілгерілеудің болуы: CFA (Level 2, 3) / ACCA «Fundamental / Базалық» / CMA / CIMA / IPMA (D деңгейі және одан жоғары) / PMI (PMP «Professional» / PgMP) / Prosci / PRINCE2 «Practitioner»;

Активтерді/инвестицияларды басқару, инвестиция тарту, қаржы, корпоративтік басқару, құқықтық қамтамасыз ету салаларында кемінде 8 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы, оның ішінде холдингтік, өндірістік, тау-кен, инвестициялық компанияларда және/немесе «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның еншілес ұйымдарында және/немесе аудиторлық компанияларда және/немесе қаржы институттарында ірі инвестициялық жобаларды, бірігу және жұтылу мәмілелерін, активтерді қайта құрылымдауды іске асыру тәжірибесінің болуы;

Қызмет ауқымы, күрделілігі және инвестициялар көлемі бойынша Қоғам деңгейіне тең келетін жоғары басшылық лауазымдарда кемінде 1 жыл басқарушылық жұмыс тәжірибесінің болуы;

Жобаларды басқару, инвестициялық жобаларды талдамалық бағалау және жобалар портфелін оңтайландыру тәжірибесінің болуы;

Операциялық және қаржылық көрсеткіштердің орындалуын тұрақты мониторингтеуді, құнды арттыруға, бизнесті оңтайландыруға, интеграцияға, активтерді қайта құрылымдауға, тәуекелдерді бағалауға және жаңа өндірістік процестерді қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды іске асыруды қамтитын кешенді активтер мен жобаларды басқару тәжірибесінің болуы;

Компания қызметін трансформациялау тәжірибесінің болуы, оның ішінде бірігу және жұтылу, жекешелендіру, IPO мәмілелері;

Ішкі және халықаралық нарықтарда қаржылық ресурстарды/инвестицияларды тарту тәжірибесінің болуы құпталады;

Стратегиялық/басқарушылық консалтинг және/немесе инвестициялық банктерде/қорларда жұмыс тәжірибесінің болуы құпталады.


Еңбек шарттары:

Бәсекеге қабілетті еңбек шарттары, сыйақылар;
Медициналық сақтандыру;
Оқыту және кәсіби даму мүмкіндіктері;
Нәтижеге бағытталған кәсіби мықты команда;
Астананың іскерлік орталығында орналасқан кеңсе.

Қажетті қабілеттер

  • Управление портфелем проектов
  • Корпоративные финансы
  • Управление инвестиционными проектами
  • M&A сделки