Қоршаған ортаны қорғау инженері
Ақбастау БК АҚ Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Лауазымдық жауапкершілік:
- Құрылымдық бөлімшелер басшыларына жекелеген технологиялық операцияларға өзгерістер енгізу, жабдықтарды баптау және сатып алу үшін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қолданыстағы мемлекеттік ережелер мен нормалар бойынша консультация беру;- Уран өндіруші кәсіпорындарға қатысты қолданылатын қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламаларды орындау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарын, қоршаған ортаны қорғау және сапа жөніндегі бағдарламаларды және озық өнеркәсіптік практикаларды толық сақтау;- Қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қоғам қызметінің ҚР заңнамалық және нормативтік актілеріне сәйкестігін қамтамасыз ету;- Қоршаған ортаны қорғауды басқару бойынша ішкі нормалар мен жүйелерді құру және қолдау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;- Экологиялық заңнаманың өзгеруін қадағалау, басшылықты уақтылы хабардар ету, сондай-ақ осы талаптардың орындалуы;- Ықтимал экологиялық зардаптарды айқындау үшін қандай да бір жаңа жобаға енгізілетін өзгерістерді енгізу ұсыныстарын қарау және ұсыну, сондай-ақ оларды жобалау тобы мен қоғамға тиісті қызметкерлердің назарына жеткізу;- Қазақстан Республикасының аумағында қоршаған ортаны қорғауға байланысты мәселелер бойынша Қоғам қызметкерлеріне кеңес беру, сондай-ақ жұртшылықтың сұрақтарына жауап беру кезінде тиісті кері байланысты қамтамасыз ету; - Өңірлік билік органдарының өкілдерімен кездесулер кезінде қоршаған ортаны қорғауға қатысты мәселелерді талқылау кезінде қолдауды қамтамасыз ету;- Қоршаған ортаны қорғаудың бұзылуын анықтау бойынша іс-шаралар кешенін әзірлеу, сәйкессіздік анықталған кезде талдау, жұмысты тоқтата тұру және оларды жою бойынша нұсқаулар беру;- Жұмыс орындарының қоршаған ортасын қорғау бойынша тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу, өндірістік және көлік қызметіне байланысты экологиялық тәуекелдерді анықтауды, бағалауды және басқаруды бақылау;- Мердігерлік ұйымдардың жұмысын Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкестігін бақылау;- Мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының нұсқамаларының орындалуын, өндіріс процесінде, сондай-ақ жаңа және реконструкцияланатын өндірістік объектілердің жобаларында қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қолданыстағы нормалар мен қағидалардың сақталуын бақылау;- Осындай сұрау салу келіп түскен кезде жергілікті тұрғындарға экологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша мәліметтер беру, сондай-ақ кері байланыс бере отырып, жергілікті тұрғындар тарапынан экологиялық мәселелер бойынша шағымдарды қарау;- Қызмет барысында анықталған барлық сәйкессіздіктер туралы тікелей басшыны хабардар ету, оларды жою жөнінде ұсыныстар енгізу немесе өз құзыреті шегінде іс-әрекеттер қабылдау;- Бақылаушы органдарға ұсыну үшін қажетті құжаттарды ресімдеу;- Экологиялық және өзге де авариялардың алдын алу мақсатында қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік құрылымдармен өзара іс-қимыл жасау;- Қоршаған ортаны қорғау бойынша есептілікті сапалы және дұрыс және уақтылы жасау және оны белгіленген нысандар бойынша тиісті мерзімде құзыретті органдарға ұсыну;- Мемлекеттік органдарға өтінімдерді уақтылы беру және қоршаған ортаны қорғау саласында рұқсаттар алу;- Өнеркәсіптік және экологиялық авариялардың алдын алу жөніндегі шараларды әзірлеуге қатысу, авариялардың салдарын жоюға қатысуға көмектесу;- Жұмыс берушінің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі актілерін әзірлеу және мерзімді қайта қарау;- ҚОҚ бойынша есептерді және ОЖ-дағы эмиссиялар үшін төлемдерді дайындау үшін тікелей басшыға бастапқы деректерді уақтылы ұсынады;-Қызметтерді/жұмыстарды және тауарлық-материалдық құндылықтарды сатып алуға өтінімдер жасау және орналастыру;Білім:
Тиісті мамандық бойынша жоғары техникалық білімДағдылар:
-Қосымша:
- Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі; - Қолданыстағы экологиялық стандарттар мен нормативтер, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы озық отандық және шетелдік тәжірибе;- Экологиялық мониторинг жүргізу тәртібі;- Қоршаған ортаны қорғау және экология жөніндегі іс-шаралардың орындалуы туралы есептілікті жасау тәртібі мен мерзімдері;- Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; - Қызметкерлерді экологиялық қауіпсіздік талаптары туралы ақпараттандыру әдістемесі;- Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қағидаларды, нұсқаулықтарды, көрнекі құралдарды әзірлеу;Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі есепті есепке алу және жасау тәртібі.Білетін тілдер:
-Қазақ және / немесе орыс тілдерін білу – еркін;Қажетті қабілеттер
- -
Ұқсас вакансиялар
Өндірістік бақылау, еңбек қорғау және қоршаған ортаны қорғау қызметінің бас маманы (негізгі қызметкердің жұмыста болмаған уақытына)
"QAZAQGAZ AIMAQ" АҚ Шымкент өндірістік филиалы | Еңбекпен толық қамтылу
| Шымкент қ.
06.01.2026 | 1787
Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбек қорғау, қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бастығы
"Energy Solutions Center" ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Екібастұз қ.
09.01.2026 | 166
"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "магистральдық желінің Павлодар бөлімшесі"филиалының еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жетекші инженері
Павлодарское отделение магистральной сети | Еңбекпен толық қамтылу
| Павлодар облысы
06.01.2026 | 90
385970 - 399543