Мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздік департаментінің мемлекеттік құпияларды қорғау секторының аға менеджері

«Самрук-Қазына» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
23

Қаралған саны:
1537

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бақылау және мониторингтік функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен, оның ішінде мемлекеттік органдардың жоспарлы/жоспардан тыс тексерулер жүргізуі кезінде өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
  • ISO 27001 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес Қордың және Қор тобының ақпараттық қауіпсіздігіне төнетін қатерлер тізілімін әзірлейді;
  • Қордың және Қор тобының Ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдеріне талдау жүргізеді, Бақылау іс-шараларын әзірлейді, бақылау іс-шараларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады, ISO 27001 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес ақпараттық қауіпсіздіктің қалдық тәуекелдеріне талдау жүргізеді;
  • Шабуылдаушының шабуылын модельдеу құралдарымен компьютерлік жүйелердің немесе желілердің қауіпсіздігін бағалауды жүргізеді, мақсатты жүйенің дұрыс жұмыс істемеуін немесе қызмет көрсетуден толық бас тартуды (ПЕНТЕСТ)тудыруы мүмкін ықтимал осалдықтардың болуына жүйені белсенді талдауды жүзеге асырады;
  • Қордың және Қор тобының ақпараттық қауіпсіздігін кешенді қамтамасыз ету, телекоммуникация құралдарының (байланыс құралдарының), электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің және Қордың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды бақылауды және әзірлеуді ұйымдастырады;
  • Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің тізбесіне жататын ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым жүйелері мен объектілерін талдайды және мониторингін жүзеге асырады;
  • ISO 27001 стандартына сәйкес бизнес иелерін және сыни санатты айқындай отырып, ақпараттық активтерді түгендеуді жүзеге асырады.

Талаптар:

  • Ақпараттық қауіпсіздік бойынша жоғары білім;
  • Магистратура, MBA, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы қосымша білім/қызметтің мамандығына сәйкес халықаралық сертификаттау қаже
  • Ақпараттық қауіпсіздік саласында кемінде 5 жыл;