Ақтоғай пайдалану локомотив депосының ТЧЭ-29 пайдалану цехының локомотив бригадалары резервінің бастығы "ЖШС ҚТЖ - Жүк тасымалы" - "БП Алматы бөлімшесі"
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Белгіленген қызмет көрсету нормаларына сәйкес локомотив бригадаларымен локомотивтерді уақтылы қамтамасыз ету және ҚР еңбек заңнамасына сәйкес еңбек және демалыс режимінің нормаларын сақтау бойынша ауысымдық нарядшылардың жұмысын ұйымдастырады және бақылайды;
- Күн сайын локомотив бригадаларының сағаттардың өндірілуін бақылайды кемшіліктер мен үстеме сағаттарды болдырмайды;
- Жыл бойы локомотив бригадаларына демалыс күндерін беру кестесін әзірлейді және олардың орындалуын бақылайды;
- Локомотив бригадалары бойынша жағдайды жасайды және оны ТЧЭ және ТЧЭЗД білдіреді;
- Машинистің маршрутын толтырудың дұрыстығын, сондай-ақ локомотив бригадаларына демалыс берудің дұрыстығын тексереді, бұл ретте оларды қайта демалуға жіберуге жол бермейді.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
- Саладағы мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар (локомотивтер және локомотив шаруашылығы);
- Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігінде тасымалдауды және басқаруды ұйымдастыру);
- Жұмыс тәжірибесі: локомотив бригадаларының нарядшысы ретінде кемінде 1 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр