"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "магистральдық желінің Павлодар бөлімшесі"филиалының Екібастұз ст 1 санатты еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженер-технолог
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Станция қызметкерлеріне, сондай-ақ студенттерге, кәсіптік-техникалық училище оқушыларына және оқушыларға практика мен еңбек оқуынан өту кезеңінде кіріспе нұсқама өткізеді, олардың білімін тексеруді ұйымдастырады;
- Жұмыс орындарын аттестаттау жөніндегі станция комиссияларының жұмысына қатысады, жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын зерделейді, станция қызметкерлерінің денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігін сақтау мақсатында өндірістің ерекшелігін ескере отырып, еңбек пен демалыстың ұтымды режимдерін енгізуге қатысады;
- Филиал, қоғам қызметкерлерімен, теміржол торабының кәсіпорындарымен, еңбекті қорғау мәселелеріне қатысты бөгде ұйымдармен хат алмасады;
- Жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, Электр қауіпсіздігі мәселелері бойынша білімдерін тексеру жөніндегі станцияның емтихан комиссияларының жұмысына қатысады;
- Еңбек қауіпсіздігі журналының жүйелілігі мен сапасын тексереді. Цех бастықтарында нұсқаулықтарды тіркеу журналдарының жүргізілуін тексереді;
- Жеке қорғану құралдарының болуын және пайдаланылуын, арнайы киімді, арнайы аяқ киімді және басқа да жеке қорғану құралдарын сақтау, беру және сынау қағидаларының сақталуын, сондай-ақ оларға өтінімдердің дұрыс және уақтылы ресімделуін бақылайды, сабын жуатын бұйымдардың уақтылы берілуін тексереді;
- Станцияны, қызметтік-техникалық және қосалқы ғимараттар мен үй-жайларды, жұмыс орындарын күтіп ұстауды, сондай-ақ еңбекті қорғау нормалары мен қағидаларына сәйкес технологиялық процестердің жұмысын ұйымдастыруды бақылайды.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- Жалпы жұмыс тәжірибесі: мамандығы бойынша тиісті қызмет бейіні бойынша лауазымдарда теміржол саласында кемінде 2 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр