«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС- «Ақтөбе ЖТ бөлімшесі» филиалы Жем пайдалану локомотив депосының жоспарлау-экономикалық бөлімінің Шалқар станциясының (2 санатты) инженер-экономисті

326148 - 341723
ТЧЭ-7 ЖЕМСКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ЛОКОМОТИВНОЕ ДЕПО 1 группы Ақтөбе облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
12

Қаралған саны:
68

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Жоғары ұйымдар белгілеген мерзімдерде және нысандар бойынша мерзімді есептерді дайындау;
  • Жұмыс тобының құрамында жұмыс істеу, жөндеу кәсіпорындарының қызмет көрсетушілерінен орындалған жұмыстар бойынша актілер жасау кезінде фактілердің дұрыстығын бақылау;
  • Техникалық пд, түбіртек, жинақтау карточкаларын жинау бойынша құжат айналымын жүргізу;
  • Қызметкерлерге материалдық көмек көрсету бойынша өтініштерді есепке алуды және жинауды жүргізу;
  • Шалқар СҮ бойынша локомотив бригадаларына дизель отынын үнемдегені үшін біржолғы ақшалай сыйақы есебін жүргізу;
  • Еңбек қызметін "5S" қағидаты бойынша ұйымдастыру;
  • ISO 9001:2015 "Сапа менеджменті жүйесі", ISO 14001:2015 "Экологиялық менеджмент жүйесі ", OHSAS 18001:2007 "Кәсіби қауіпсіздік және денсаулық менеджменті жүйесі", ISO 50001:2011 халықаралық стандарттарының талаптары негізінде интеграцияланған менеджмент жүйесін енгізу, талаптарды сақтау және жұмыс жағдайында қолдау жөніндегі жұмыстарға қатысу;
  • "Энергоменеджмент жүйесі", ISO 27001 "Ақпараттық қауіпсіздік менеджменті жүйесі".

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
  • Мамандығы: Экономика; Менеджмент; Қаржы; Көлік, көлік техникасы және технологиялары.
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр