Жасақтама тобының Бас маманы

"Қазпошта" АҚ "Qazpost Digital" филиалы Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
51

   Конкурс туралы

Міндеттері:

1) «Colvir» АЖ-ны әзірлеу/тестілеу/енгізу және сүйемелдеу;
2) Ақпараттық жүйелерді әзірлеу саласындағы оң тәжірибені зерттеу және практикада қолдану;
3) SD-ға келіп түсетін сұрауларды белгіленген мерзімде орындау;
4) Бағыттың тікелей басшысының, Басқарманың бастығының, техникалық директордың және филиал директорының тапсырмаларын белгіленген мерзімде орындау (мерзім анықталмаса, онда Компанияның құжат айналымы бойынша ережелерінде және нормативтік құжаттарында сипатталған мерзімдерге сәйкес);
5) «Colvir» АЖ-ны техникалық қолдау көрсететін мердігерлік компаниялармен өзара әрекеттесу, «Colvir» АЖ-ның жаңа функционалын іске асыру/бар функционалды жетілдіру және «Colvir» АЖ-ның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін техникалық қолдау алу мәселелері бойынша;
6) «Colvir» АЖ-ның жұмысындағы ақаулар мен бұзушылықтардың себептерін талдау, оларды жою және алдын алу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу және орындау, сапасы мен сенімділігін арттыру;
7) Jira жобаларды басқару жүйесі арқылы жетекші немесе жауапты тұлға тағайындаған тапсырмаларды алу;
8) Тапсырманың мазмұнымен, мерзімдерімен танысу және қажет болған жағдайда орындау басталмас бұрын мәліметтерді нақтылау;
9) Jira жүйесінде тапсырманың орындалу мерзімін белгілеу немесе растау;
10) Тапсырманы белгіленген мерзімде орындау, содан кейін Jira-да тапсырманы жабу және орындалу барысы немесе нәтижесі туралы қажетті ақпаратты көрсету;
11) Тапсырмалардың мәртебесін өзекті ұстау және жұмыс процесінде Jira-да ақпаратты уақтылы жаңарту.

Талаптар:

Техникалық ғылымдар мен технологиялар, математика, ақпараттық технологиялар, экономика немесе қаржы саласында жоғары және/немесе орта-арнайы білім.
Жұмыс тәжірибесіне талаптар қойылмайды.

Шарттар:

5/7