«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС - «Ақтөбе ЖТ бөлімшесі « филиалы Жем пайдалану локомотив депосы бухгалтерлік бөлімінің бухгалтері (1 санат)

326149 - 341723
ТЧЭ-7 ЖЕМСКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ЛОКОМОТИВНОЕ ДЕПО 1 группы Ақтөбе облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
16

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
  • Жалақыны, сыйлықақыларды, демалыстарды, алименттерді, айыппұлдарды, зейнеткерлікке шығу бойынша жәрдемақыларды, жұмыстан босату бойынша толық есепті, пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақыларды, бала күтімі бойынша ұстаусыз демалыстарды есептеуді жүргізеді;
  • Қызметкерді қабылдау бойынша жаңадан түскендердің жеке карточкаларын ашады, есеп айырысу парақтарын жапсырады, филиалдың барлық қызметкерлерінің жеке шоттарын әр 2 жыл сайын жаңартып отырады;
  • Кадрлар бөлімінен бұйрықтардың түсуіне қарай демалыс және іссапар шығыстарын қаржыландыруға өтінімдер береді;
  • Ай сайын жалақы бойынша қаржыландыруға өтінімдер ұсынады;
  • Демалыс, іссапар және жалақыны аудару үшін банкке төлем тапсырмаларын, зейнеткерлікке шығу бойынша біржолғы жәрдемақыны, жұмыс істемейтін зейнеткерлерге салалық жәрдемақыны және т. б. дайындайды.;
  • Қызметкерлердің жалақысынан атқару парақтары бойынша ұстап қалулардың, сондай-ақ Есеп беруге алынған аванстардың және өзге де ұстап қалулардың дұрыс ұсталуын тексереді;
  • Ай сайын Ақтөбе облысы бойынша Әділет департаментінің алименттері мен айыппұлдарын ұстап қалу туралы анықтама береді;
  • Жыл сайын филиал қызметкерлеріне пайдаланылмаған демалыс бойынша резервтерді есептейді;
  • Зейнеткерлікке, жәрдемақы алуға және несиеге (күн сайын) және т. б. күтім бойынша филиал қызметкерлерінің талабы бойынша анықтама береді.;
  • Жалақы бойынша дербес шоттарды және басқа да ұзақ мерзімді сақтау құжаттарын тиісінше жүргізуді және сақтауды қамтамасыз етеді, оларды мұрағатқа беру үшін белгіленген тәртіпке сәйкес ресімдейді;
  • ІЅО 9001:2008, ІЅО 14001:2004, ОНЅАЅ 18001:2007 халықаралық стандарттарының талаптары негізінде интеграцияланған менеджмент жүйесін енгізуге, талаптарды сақтауға және жұмыс жағдайында ұстауға қатысады.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
  • Мамандығы: Есеп және аудит, Қаржы.
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 3 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр